Шахмат • 01 Мамыр, 2023
Чемпион тай-брейкте анықталады
Елордада өтіп жатқан классикалық шахматтан әлем чемпионаты өз мәресіне таяп қалды. «Алтын тәж» үшін таласып жатқан ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь арасында жоспарланған барлық 14 партия аяқталып, негізгі кезеңде жеңімпаз анықталмады – 7:7. Жарыс ережесі бойынша, осы 14 турдың ішінде екі шахматшының бірі 7,5 ұпай жинап, әлемнің 17-ші шахматшысы атануға тиіс еді. Алайда негізгі кезеңде шахматшылардың күштері тең болды. Енді жеңімпаз тай-брейкте анықталады.
Президент • 01 Мамыр, 2023
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады
Тарих • 30 Сәуір, 2023
Қауға сақал, бұйра шаш, қабағы қатыңқы славян халқын көрсек, кержақтардың ұрпағы шығар деп топшылаймыз іштей. Әбден мүмкін. Біздің жақтағы тау арасындағы, Бұқтырма, Үбі жағасындағы ауылдарға ертеде, тым ертеде ескі дін ұстанушылар көшіп келіпті. Бас сауғалап, қашып келіп, қоныстанған десек дұрыс шығар. Шыны сол. Ең қызығы, қазақ халқымен етене араласып, жерімізге сіңіп кеткендігінде...
Тарих • 30 Сәуір, 2023
Түрлі этностардың Алашқа жәрдемі
XІX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында тағдыры күрделі Ресей империясы аумағындағы түркі мұсылман халықтарын оянуға, жаңашылдыққа бастайтын жәдитшілдік ағымы дүниеге келіп, саяси, мәдени, рухани, әлеуметтік ізденістерге ұйытқы болды. Қазақ қоғамында ол Алаш қозғалысына ұласты.
Қоғам • 30 Сәуір, 2023
Жақында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен Жастар саясаты жөніндегі кеңесте синтетикалық есірткі заттарының таралу проблемасына қатысты мәселе көтерілді.