Жәдігер • 26 Сәуір, 2023
Қалалық мемлекеттік архив қорында жұмыс жасаған уақытымда «Социалистік құрылыс» (қазіргі «Атырау») газетінің 1959 жылдың 15 мамыр күнгі санында «Айша – қыз» атты әнге кезіктім. Әнін «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқов, өлеңін ақын Берқайыр Аманшин жазған. Бұл әннің бұрын-соңды радио, теледидар, сахнада орындалғанын мүлдем естімеген соң, қызығушылығымды тудырғаны. Ән туралы атақты композитор Ілия Жақанов ағамыздан сұрағанымызда, ол кісі Шәмшінің күні бүгінге дейін жарыққа шықпаған, жоғалып кеткен белгісіз әндері бар екендігін жоққа шығармады. Сонау 50-жылдардың аяғында жарияланған аталған әнді естімегенін айтты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ радиосының «Алтын қор» бөлімінің жетекшісі Алтын Иманбаева да бұл әннің қорда жоқ екендігін айтады.
Тарих • 26 Сәуір, 2023
Дауылпаз ақын, батыр Махамбет Өтемісұлының Жәңгірге «Хан емессің, қасқырсың, қас албасты басқырсың... Хан емессің, ылаңсың, қара шұбар жылансың...» деп бетің бар, жүзің бар демей сойып салатыны бар емес пе? Қазақ жерінің батыс бөлігінің аға сұлтаны Баймағамбет Айшуақұлымен бетпе-бет кездескен тағы бір шайыр Шернияз Жарылғасұлы оның шен-шекпеніне қарамай, қысастығын бетіне басқан.
Табиғат • 26 Сәуір, 2023
Жаратылыстану ғылымы «бабасы балдырдан бастау алды» дейтін өсімдіктердің де өмірде өз орны, өз тағдыры бар. Оның ішінде әлемге әр берген, сұлулық пен сән берген гүлдердің орны, тіпті бөлек. Жердің жүзін жайнатқан – гүлзарлар мен гүлді алқаптар. Адамзатқа жарқын өмір сыйлап тұрған да осы – жасыл әлем. Адам мен табиғат – егіз. Бірде Еуропаның ерекше табиғатын тамашалауға барған бір танысым тотыдай түрленген тоғайдың кіреберісіндегі тақтайшада «Сіз менің жүрегімдегі тамырларды жұлмаңыз!» деген жазуды оқып қайран қалғанын айтқан-ды. Сол бір лепе көктем шықса, қазақ топырағын масатыдай құлпыртқан қызғалдақтың тағдырын еске түсірген еді.
Спорт • 26 Сәуір, 2023
Өскеменнің «Алтай» волейбол клубы Вьетнамның Виньфук қаласында жалауы желбіреген клубтар арасындағы Азия чемпионатын жеңіспен бастады.
Теннис • 26 Сәуір, 2023
1-13 мамыр аралығында Шымкентте теннистен «Asia/Oceania final Qualifying Juniors Davis Cup» және «Juniors Billie Jean King Cup» іріктеу турнирлері өтеді. Жарысқа 16 жасқа дейінгі Азия/Тынық мұхит аймағының ең мықты жасөспірімдер құрамалары қатысады деп жоспарланған.