Спорт • 24 Сәуір, 2023
Төрткүл дүние назары – Ташкентте
Келесі айда Жер жаһандағы бокс сүйер қауымның назары толықтай Ташкентке ауады. Өйткені, 1-14 мамыр аралығында Өзбекстанның бас шаһарында бокстан кезекті әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Бірден айта кетейік, осы дүбірлі дода қарсаңында Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) жүлде қорын екі есеге көбейтті. Қазір ол 5,2 миллион АҚШ долларын құрап отыр. Соған сай әлем чемпионы атанған саңлақ 200 мың долларды олжаласа, финалда сүрінгендер сол соманың тең жартысын алады. Ал қола жүлдеге қол жеткізгендер 50 мың долларды қалтаға басады.
Ауыл • 24 Сәуір, 2023
Бірден айта кетейік, осы кезге дейін де ауыл мен агрокешенді дамыту мәселесіне қатысты көптеген шешім мен бағдарлама қабылданған болатын. Оларды жүзеге асыруға қомақты қаржы бөлінген-ді. Алайда, ауылдың дамуы тұрғысында әзірше ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже жоқ. Әдеттегідей, біздің өткен тарихымызда талай рет қайталанғандай, ауыл шаруашылығы мен ауылдың «есебінен» өмір сүріп жатқан жайымыз бар.
Хоккей • 24 Сәуір, 2023
Шайбалы хоккейден Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Францияның Анже қаласында шымылдығы түрілген әлем чемпионатын жеңіспен бастады.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2023
Көлік-логистика саласындағы ізденістер
Таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет үйінде өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте байтақ даламыздан өтетін халықаралық дәліздерге аса мән бергені мәлім. Еліміздің Батыс пен Шығыс елдерінің арасына географиялық жағынан өте қолайлы орналасуын есепке алсақ, сала бойынша Президент тапсырмаларын артығымен жүзеге асыруға мүмкіндік мол.
Пікір • 23 Сәуір, 2023
Саяси реформа – елдіктің ұстыны
Ел тағдырына әрбір азамат жауапты. Шынында да, әрқайсымыздың азаматтық ұстанымымыз елдің бүгіні мен ертеңі үшін маңызды. Осы орайда елімізде кейінгі бір жылда болған саяси оқиғаларға көзқарасымды білдіру парызым деп санаймын.