Сұхбат • 23 Сәуір, 2023
Тамара Дүйсенова: Бұл құжат – Әділетті Қазақстанның жаңа әлеуметтік саясаты
Мемлекет басшысы 2020 жылы халыққа Жолдауында әлеуметтік қамтамасыз ету саласы 17 заң, ондаған актімен реттелетінін, бұл жүйесіздікке әкеп соқтыратынын айта келе, Үкіметке Әлеуметтік кодексті әзірлеуді тапсырған еді. Өткен аптада Президент аталған құжатқа қол қойды. Кодекс азаматтарды әлеуметтік қорғау саласына қандай өзгеріс әкеледі? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновамен сұхбатта осыған қатысты сұрақтарға жауап алдық.
Музей • 23 Сәуір, 2023
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық музейде «Қолөнершілер орталығы» мен «Палеонтология» залының ашылу салтанаты өтті.
Президент • 21 Сәуір, 2023
Президенттің атына қасиетті Ораза айт мерекесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Қазақстан Президентінің атына қасиетті Ораза айт мерекесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 21 Сәуір, 2023
Президент Ораза айт мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфографика • 21 Сәуір, 2023
Кейінгі кездері жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық, әлімжеттік, буллинг, суицид оқиғалары жиілеп кетті. Өскемен қаласындағы қыздар төбелесі, Түркістан облысындағы оқушы қыздың өлімі, Алматы облысындағы бір мектептегі оқиға салдарынан екі баланың қайтыс болуы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Жас ұрпақтың қауіпсіздігі мен отбасы құндылықтарын дәріптеу мәселесі күні кеше Үкімет үйінде өткен алқалы жиында да көтерілді. Балаларға қатысты жантүршігерлік қылмыстар жиілеп кеткенін айтқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сорақы жағдайлар оқушылардың өзіне қол жұмсауына себепкер болып отыр. Тіпті ата-аналардың өздері баласына қорлық көрсетіп, оның арты қайғылы жағдайға ұласып жатады. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысы әлсіз. Жауапты мекемелер мен құқық қорғау органдарының қызметі ойдағыдай нәтиже берген жоқ», деп бұл бағыттағы жұмыстарды сынға алды. Рас, ендігі жерде мұндай жантүршігерлік оқиғаларға өкініш білдіріп немесе сырттай қарап отыру мүмкін емес. Сол себепті де «Egemen Qazaqstan» газетінің кезекті дөңгелек үстеліне білім мен тәрбие саласына жанашырлық танытып жүрген қоғам мүшелерін жинап, көкейкесті мәселені жан-жақты талқылаған едік.Дөңгелек үстелге еліміздің бала құқығы жөніндегі уәкілі Аружан Саин, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай, педагог-психолог Әсия Серікова, республикалық «Qazbilim» орталығының және Астана қаласындағы Қ.Мұхамедханов атындағы №90 ұлттық гимназияның директоры Аятжан Ахметжанұлы, Ұлытау облысы білім басқармасының басшысы Сапура Төлекова, Астана қаласы полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқарма бастығының орынбасары Қанат Нысантаев, ата-аналар өкілі, журналист Данияр Есен және «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Нұркен Асанов қатысып, тақырыпқа қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.