Әдебиет • 20 Сәуір, 2023
Қазақ даласына қаншама жылдан бері биыл соқты Отамалы. Қазақ баласы ұмытуға айналған Отамалы оңдырмайды деуші еді, бұл жолы да жетістірмеді. Отамалыны өлтірген бес күн соққан борандай бүріп келді. Жалаңаштанған жер бүрісті, жермен бірге ел бүрісті. Енді түспестей еріп жоғалған қар бір-ақ күнде қаланың аузы-мұрнын бітеп тастады. Қалада мұндай болғанда, далада мал баққан елдің жайы не болды екен дестік. Аттың беліне қарап қалған бұрынғы заман емес, десек те, төрт түлік енді төлдеп жатқанда оңай тимегені анық қой. Жаңа туған жас төл былай тұрсын, Қостанай мен Торғайдың арасында көліктер тұралап жатқанын әлеуметтік желіден көрдік. Біз Тобық Жармағамбетовтің «Отамалысын» парақтадық.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2023
Шаң басқан шаһар немесе Атырау қашан жасыл желекке оранады?
Өндірісі өрге басқанмен, Атыраудың экологиясы өркен жая алмай тұр. Мұнда жұрттың бәрі қызыға қарайтын баррельмен бағаланған мол мұнай бар. Бірақ қоршаған орта тазалығы алаңдатарлық ахуалды бастан кешіп отыр. Ғаламдық жылынудың әсері ме, әлде өзге себебі бар ма, ала жаздай жаңбыр, қыс айларында қар жаумайды. Тұңғиығында «қара алтын» тұнған қазыналы өңірдегі аптап ыстық пен құрғақшылықтың, бәлкім, қоршаған ортаны қорғауға немқұрайды көзқарастың әсері ме, әйтеуір батыс пен шығыстан қатынайтын теміржол мен автокөлік жолының бойында жайқалып тұрған жасыл желек жоқ. Үп еткен самал желдің екпіні сәл үдесе, әп-сәтте кенезесі кеуіп, шөліркеген кең жазиралы даланы да, у-шуы көп мұнайлы шаһарды да ала шаң басады.
Теннис • 20 Сәуір, 2023
Теннистен Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан құмдауыт корттағы WTA 500 турнирін жеңіспен бастады.
Президент • 20 Сәуір, 2023
Мемлекет басшысы Әлеуметтік кодекске қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 20 Сәуір, 2023
Тұрмыс сапасын арттыру ерекше бақылауда
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өтті. Жиын барысында Президентіміз жуырда өткен Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы саяси реформалардың маңызды кезеңі болғанын айтты. Осылайша, билік тармақтарының тепе-теңдігі орнықты.