Мәселе • 21 Сәуір, 2023
Жол – экономиканың басты күретамыры. Алайда Атырау қаласынан Ресей Федерациясының Астрахан облысымен шекараға дейінгі аралықта қатынайтын күре жолды жаңғырту жұмысы қарқын алар емес. Аталған жолды жөндеу 2018 жылы басталғанымен, әлі күнге дейін сағыздай созылып бітпей келеді.
Руханият • 21 Сәуір, 2023
Әр қазақты дос тұтудың бұралаң жолы
Ұлы Абай «Біріңді, қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос» деген өсиет қалдырыпты. Бірақ, «қайран қазағымыз» әлі де болса құтыла алмай отырған рушылдық пен жершілдік «дерті» қараңғылықтың тас түнегінде «бұғып», қыр соңымыздан қалмай-ақ қойды. Мемлекет басшысының республикалық мәжілісте ескерткіштер қоюдағы берекетсіздікке назар аударуы тегін болмаса керек.
Білім • 20 Сәуір, 2023
Қызылжар қазақтары балаларын неге ана тілінде оқытқысы келмейді?
Келмеске кеткен кеңес заманында елдің шетінде, желдің өтінде орналасқан Солтүстік Қазақстан облысында коммунистік ұлтсыздандыру һәм орыстандыру саясаты ерекше екпінмен жүргізіліп, тіпті кілең қазақтар тұратын ауылдардағы қазақ мектептерінің көбі жабылып, орыс тілінде оқытуға көшірілген еді. Бұл теріс үрдіс тек тәуелсіздік таңы атқанда ғана тыйылып, ана тіліміз бен ата салт-дәстүрімізді қайта жаңғыртуға бетбұрыс басталды.
Энергетика • 20 Сәуір, 2023
Жаңғырмалы энергетиканы дамыту мүмкіндігі
Президент айтқан «орташа табыс тұзағына» біз 2013-2014 жылдары жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 13 мың долларға жеткеннен кейін түсіп қалдық. Негізі Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі өзекті экономикалық проблемаларды көтерді. Оны экономикалық өсім және нарықтық рельске көшу деп екіге бөліп қарастыруға болады. Еліміз әлі күнге мұнай секторынан түсетін табысқа тәуелді болып қалып отыр.
Руханият • 20 Сәуір, 2023
Қытай қазақ жазба әдебиетінің негізін салушылардың бірі, әйгілі ақын Таңжарық Жолдыұлының (1903-1947) туу, өсу жолы Алаш кезеңімен тұспа- тұс келді. Оның он жасқа шыққан жылы:Жолды әкем еді бас қалқам,Жиылмай қапты-ау дастарқан.Қас қаққанша болғаны-ай,Аузы-басы тас-талқан, – деп өлең шығарғанын ескерсек, Алаш рухы қанат қаққан 1917-1918 жылдар Таңжарықтың бозбалалықты борандатқан дер шағы еді.