Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Ауыл жастарын қанаттандырған жоба
Ауыл жастарының көзіндегі үміт ұшқынын маздатқан «Ұлт қазынасы» жобасы үш айлық жұмысын табысты аяқтады. Бұл бастама – ауылдан түлеген әрбір ұл-қыздың үлкен арманға құқылы екенін дәлелдеген әлеуметтік бағдарлама ретінде бағалы, салмақты.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Дәстүрге жат есімнің сұрауы бар ма?
Елімізде жыл сайын 12 мыңға жуық адам аты-жөнін өзгертеді. – Ол қыздың аты – Уэллуэй. – Уэллуэй? Уэллуэй деген есім қандай мағына береді өзі? – Шыңғыс хан шешесінің аты екен. – Шыңғыс хан шешесінің аты Өэлүн емес пе еді? Уэллуэйі несі? Үйдегі ұл мен қыздың осындай екеуара әңгімесін құлағым шалып отыр. Жуырда өзім де Бекертуған деген есімді кездестіріп, кей адамдардың іштен шыққан баласына тумай жатып қатыгез болатыны несі, әлде перзент құтаймаған біреу ме екен дегендей ойға шомып жүрген едім. Бірақ жүз жерден ырымшыл болсаң да, онсыз да тауқыметі көп тірлікте адамның есімі тағдырына ықпалы бар екеніне күмәніңіз болмасын.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Қазір цифрлық жүйенің кеңеюі барлық салаға жеңілдік әкеліп отыр. Басқалар секілді, көлік-транзиттік бағытында да жасанды интеллект, нейрожелілер және «ақылды» логистикалық хабтар, дәліздер сәтті жүзеге асырылып жатыр.
Медицина • 10 Желтоқсан, 2025
Медициналық сақтандыру – қоғам ниетінің көрінісі
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Үкіметке жасанды интеллект технологиясын қолданып, медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізетін жаңа жүйе қалыптастыруды тапсырды.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Тәбеталдар, ағзабылғар ас-су һәм арандау
Шетелдік сапасыз, зиянды, «сиқыры» күшті түрлі азық-түліксымақ кедендік тексерулерді «келеке ете», шекараларды «бұзып-жара» кіріп жатыр. Жасық өнімдердің кеңістігімізде ерке баламыздай еркінсуіне тұтынушы ретінде өзіміз жол беріп отырмыз. Дәлірегі, талғамсыздықпен бас-көз демей әлгіндей өнімдерді құлқынымызға тыққыштап мәзбіз. Мұның арғы жағына тереңірек үңілсең қолжаулыққа айналған, қоқыр-соқырға толған қоғамымыздың құлағы қылтияды.