Медицина • 10 Желтоқсан, 2025
Медицинадағы қайнаған тіршіліктен бейхабар адам дәрігердің әр күні қандай қарбаласта өтетінін біле бермейді. Кейде бір тәулікте бір ғасыр өмір сүргендей күй кешесің. Жұмысымыз адам өмірін сақтаумен байланысты болған соң, пациенттердің тілеуін тілеп жүріп небір оқиғалардың куәсі болдық. Бүгін сондай бір оқиғаның жай-жапсарын көпшілікпен бөліскім келіп отыр.
Айбын • 10 Желтоқсан, 2025
Ұлттық қорғаныс университетінің Ұлттық ұлан факультетінде еліміздің әскери ғылым cаласына елеулі үлес қосқан ғалым, полковник Қанат Төлеңгітов атындағы оқу аудиториясы ашылды. Іс-шараға Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары, генерал-полковник Руслан Жақсылықов, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Бауыржан Әбжанов, Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, генерал-майор Асқар Мұстабеков, т.б. әскери лауазымды тұлғалар қатысты.
Әскер • 10 Желтоқсан, 2025
Резервтік қызметке қабылдау басталды
Осыдан үш-төрт жыл бұрын Қорғаныс министрлігі халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын дайындағаны айтылған. Заң қабылданды. Қазір Абай облысында азаматтарды үш жылдық келісімшарт негізінде резервтік әскери қызметке қабылдау басталды.
Сұхбат • 10 Желтоқсан, 2025
Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек
Қай заманда болсын армияның айбары оның озық қару-жарағымен ғана емес, ең алдымен саптағы сайыпқырандарының өр рухымен әрі жасын жігерімен өлшенген. Бұл болашақ Отан қорғаушы жастардың әскери қызметке дене дайындығымен қоса, ішкі рухани-патриоттық сезімі кемелденген күйде келуінің маңызды екенін көрсетеді. Осы орайда бүгінде Қарулы Күштеріміздің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы жемісті еңбек етіп келеді. Жуырда ғана мекеменің 10 жылдық мерейтойы аталып өтті. Біз осы іс-шара қарсаңында орталық бастығы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсеновпен әңгімелескен едік.
Білім • 10 Желтоқсан, 2025
Цифрлық педагогика: Жасанды интеллект дәуіріндегі ұстаз рөлі
Қоғамның даму үдерісі цифрлық технологиялардың ықпалымен жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында жасанды интеллект барлық саланың қозғаушы күші, еліміздің инновациялық дамуының, цифрлық дербестігінің тірегі екенін атап өтті. Президенттің: «Алдағы бес жылдың ішінде Қазақстан цифрлық мемлекетке айналуы керек. Бұл – айқын әрі өзгермейтін мақсат. Себебі біз жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдаланатын ел болуымыз қажет», деген тапсырмасы бізге үлкен жауапкершілік артып, мол мүмкіндік беріп отыр. Жасанды интеллект, үлкен деректерді талдау, онлайн-оқыту платформалары білім жүйесінің табиғатын түбегейлі өзгертіп жатыр. Осындай трансформация дәуірінде ұстаздың рөлі қандай болмақ? Бұл сұраққа жауап іздеу – бүгінгі педагогикалық университеттердің басты ғылыми-әлеуметтік міндеті.