Президент • 31 Наурыз, 2023
Президенттің атына Наурыз мерекесіне орай құттықтаулар келіп түсіп жатыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мерекесіне орай шет мемлекеттер және халықаралық ұйым басшыларынан құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дін • 31 Наурыз, 2023
Рамазан айы есіктен кіргелі ел-жұрт елең-алаңнан тұрып, ауыздарын бекітіп, мұсылманға парыз етілген ораза амалын орындап жатыр. Арасында елдің ертеңгі тұтқасы болар жастардың қарасы қалың. Бұл – жақсылықтың нышаны. Себебі олардың материалдық дүниенің ғана соңынан қумай, рухани жетілуге де ден қоюы саналы да саламатты қоғам құруға бет алған елдің белгісі болса керек.
Спорт • 31 Наурыз, 2023
Барша жанкүйер таяу күндері Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында күрес түрлерінен шымылдығы түрілетін Азия чемпионатын тағатсыздана күтіп отыр. Ал сол дүбірлі додада Қазақстанның намысын кімдер қорғамақ? Күні кеше еліміздің ұлттық құрама командаларының бас бапкерлері осы жауапты жарыста қай шәкірттеріне сенім артатындарын жария етті.
Театр • 31 Наурыз, 2023
Республикалық шеңберден шығып, халықаралық деңгейді қамтып, театр өнері мен сахнадағы жетістікті баяндап, бақ сынайтын ауқымды фестивальдердің аламаны алдымен өз шағын алаңын бағындырудан басталып жатады. Бұл бәйгенің бәрі өз өнерін өзгемен салыстырып, жаңашылдыққа ұмтылып, тәжірибе алмасып, біртұтас өнер кеңістігін жасау үшін маңызды да. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры биылғы маусым кезеңін биік жетістіктермен түйіндегенін 5-рет өткізіліп отырған «Алтын сақа» театрішілік фестивалімен көрсетті. Алғаш 2016 жылы «Алтын сақа» балалар спектакльдерінің бәйгесі болып бастау алып, жаңа қойылымдардың театрішілік фестивалі деп жалғасын тапқан бұл фестиваль төрт жыл қатарынан өткен соң әлемдік пандемия салдарынан тоқтап қалып, араға үш жыл салып, биыл театрмен қайта қауышты. Театрдың 70-ке тарта әртісі арасында бір жыл аясында сахналанған спектакльдегі рөлдер бойынша жүлделер сарапқа салынып, түрлі арнайы аталымдар бойынша жүйріктер анықталып, ақшалай және арнайы дипломдармен марапаттайтын үміт пен шабыт сыйлайтын шығармашылық дәстүр бұл.
Аймақтар • 31 Наурыз, 2023
Атырау облысының қойнауы мұнай мен газ секілді табиғи байлыққа толы болғанымен, атмосфералық ауасы тап-таза емес. Өңір тұрғындары екі күннің бірінде ауаның ластанғаны, қолқаны қапқан сасық иістен жүрек айнып, бас айналатыны жөнінде шағым айтады. Дәл осындай жайт кейінгі жылдары тіпті жиіледі.