Экология • 20 Наурыз, 2023
Қоқысты сұрыптау – әрі мәдениет, әрі бизнес
Әлемнің дамыған елдерінде қоқыстың түрлерін бөліп жинау мәдениеті әбден қалыптасқан. Оған қатысты сұрақ туындай бермейді. Өйткені тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеу – үлкен табыс көзі. Біздің елде биліктен бастап, әртүрлі ұйым, жекелеген экобелсенділер қарапайым тұрмыста ғана емес, ірі және орта бизнеске қоқысты бөлек жинау мәдениетін енгізуге тырысып жатса да, нәтижесі әлі көңіл көншітпейді.
Спорт • 20 Наурыз, 2023
Елімізде ұлттық спорт түрлерінің дамуына бірден-бір үлес қосып жүрген мекеме – Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы. Наурыз мерекесі қарсаңында аталған орталықтың бас директоры, кезіндегі Азия чемпионаты мен студенттер арасындағы әлем біріншілігінің жүлдегері, Сидней мен Афина Олимпиадасына қатысқан танымал дзюдошы Сағдат Садықовпен әңгімелескен едік.
Сайлау • 20 Наурыз, 2023
Сайлауға қатысу – саяси сауаттылық белгісі
Парламент Мәжілісі және жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауына орай «Qazaqstan» телерадиокорпорациясы 16 сағаттық «Сайлау-2023» онлайн марафонын ұйымдастырды. Таңғы сағат 09:00-ден түнгі 01:00-ге дейін жалғасқан марафонға министрлер, саясаттанушылар, сарапшылар, түрлі сала қызметкерлері, қоғам белсенділері қатысып, маңызды науқан туралы ой-пікірлерін ортаға салды.
Сайлау • 20 Наурыз, 2023
Қарағанды облысындағы 654 сайлау учаскесі таңғы жетіде ашылып, дауыс беру тәртіпке сай уақтылы басталды. Аймақта 700 мыңнан астам сайлаушы бар. Оның арасында, бірінші рет дауыс беруге келген жастың саны – 13 мыңға жуық.
Сайлау • 20 Наурыз, 2023
Дауыс беру барысында кей үміткерлердің аты-жөнін сызып тастаған сайлау бюллетеньдері де кездесіп жатты. Бұл сайлаушылар арасында аздаған түсінбестік туғызды. Тіпті Астанадағы сайлау учаскелерінің бірінде бес кандидаттың аты-жөні қолмен сызылғаны расталды. Сайлаушылардың алаңдауына орай пікір білдірген Орталық сайлау комиссиясы өкілдері мұның заң бұзушылық емес екенін айтты.