Қоғам • 17 Қыркүйек, 2021
Қару ұстау: қауіпсіздік пе, қылмыс па?
Қостанай облысының Лисаковск қаласында болған қанды оқиға қоғамға «Қару ұстауға рұқсат беру керек пе?» деген сұрақты қайта талқылатуда. Бұл мәселеге қатысты елдің пікірі екіге жарылды. Бірі «Бізде әлі күнге дейін қару ұстау мәдениеті қалыптасқан жоқ. Сондықтан кез келген адамға оңды-солды қару беру дұрыс емес» десе, екіншілері «Жеке қауіпсіздігі үшін халықта қару болуы керек» деген ойда.
Президент • 17 Қыркүйек, 2021
Микроқаржы ұйымдары банкке айналуды мақсат етпейді
Банктердің бизнесті қаржыландыруға аса ықылас танытпай отырғаны Президенттің биылғы Жолдауынан тыс қалмады. Мемлекет басшысы: «Екінші деңгейдегі банктер шағын жобаларға, әсіресе ауылға арнап ақша салмайды. Сондықтан микроқаржы ұйымдарының әлеуетін іске қосу керек. Олар жергілікті жерде жұмыс істейді. Өзінің тұтынушыларын, олардың бизнесі мен мүмкіндіктерін жақсы біледі», деді. Осыдан соң Микроқаржы ұйымдары қауымдастығының басшысы Ербол ОМАРХАНОВТЫ әңгімеге шақырып, екшеген сауалдарымызды қойдық.
Президент • 17 Қыркүйек, 2021
Халыққа арналған басымдықтар көп
Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауының ерекшелігі – оның әлеуметтік бағытта болуы. Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарының едәуір бөлігінің өміріне әсер ететін бірқатар бастамаларды атап өтті.
Президент • 17 Қыркүйек, 2021
Жаңғырудың өзегі – саяси реформалар
Мемлекет басшысы 2021 жылы 1 қыркүйекте «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жаңа Жолдауын жария етті. Онда қазақстандықтарды толғандыратын өзекті мәселелердің нақты шешімдері ұсынылды. Мұны сарапшылар да растап отыр. Жолдауда саяси жаңғыруды одан әрі жалғастыру мәселесіне де баса назар аударылды. Президент саяси реформалардың кезекті, төртінші топтамасын жариялады. Сол арқылы ол саяси өзгерістерді біртіндеп жүзеге асыру туралы өзінің стартегиялық бағдарына берік екенін тағы да нақтылай түсті.
Кино • 15 Қыркүйек, 2021
Қазақстан режиссерлерін не қызықтырады?
Алматыдағы Ұлттық кітапханада мемлекеттік қаржылық қолдаудан үмітті киножобалардың ашық қорғауы болып өтті. Еліміздің кино саласы мемлекеттің қаржылық қолдауына тікелей тәуелді болғандықтан, үмітті киножобалар бірнеше сатылы іріктеуден өтіп барып, өз фильмдеріне қаржы алатын жобалар тізімінен көріну мүмкіндігіне ие. Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов төрағалық еткен Сараптама кеңесі бұл жолы 510 өтінімді қарастырды. 2019 жылы 109, 2020 жылы 226 өтінім түскенін ескерсек, өткен жылдармен салыстырғанда биылғы көрсеткіш барлығынан оқ бойы озық, рекордтық нәтиже көрсетіп тұр.