Әдебиет • 15 Қыркүйек, 2021
Алаш арыстарының арасында есімі халыққа кеңінен танылмағандардың бірі – Жұмағали Тілеулин. Ол қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі ғана емес, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы Орынборда алғашқы Халық ағарту комиссары болғанда берген тапсырмасы бойынша қазақ тілінде бірнеше медициналық кітап жазған және шетелдік атақты дәрігерлердің шығармаларын қазақша аударған жан.
Президент • 15 Қыркүйек, 2021
Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында алда тұрған маңызды бағыттарымыз бен мақсат-мұраттарымызды анықтап берді.
Президент • 15 Қыркүйек, 2021
Болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді
Президент Қ.Тоқаевтың биылғы Жолдауында әлеуметтік және экономикалық маңызы бар тақырыптар қозғалып, біраз мәселе көтерілді. Сонымен қатар бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін айта келіп, елдің әлеуметтік дамуына, тұрғындардың табысы мен жұмыс орындарының сақталуы, халқымыздың денсаулығы мен өмірін қорғау жолындағы жұмыстарға баса назар аудару қажеттігін сөз етті.
Президент • 15 Қыркүйек, 2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған өзінің дәстүрлі жолдауларында денсаулық сақтау жүйесін назардан тыс қалдырған емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жолы да саланы серпілтуге бағытталған қадау-қадау міндеттерге тоқталды. Оған негіз де жоқ емес. Өйткені әлем елдерін әбігерге салған пандемия жаңа шешімдер қабылдауды талап етуде.
Президент • 15 Қыркүйек, 2021
Ұйымшыл ұлттың бәсі қашанда жоғары
«Біз сыртқы қатерге және оқиғаның қалай өрбуіне де дайын болуымыз керек. Сырттан төнетін қауіпті модельдеу айрықша өзектілікке ие болуда. Стресс-тест өткізіп, сценарийлер дайындаған жөн. Соның негізінде мемлекеттік аппараттың іс-қимыл жоспары әзірленіп, түзетіліп отыратын болады», деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.