Президент • 15 Қыркүйек, 2021

Маңызды міндеттер жүктелді

192 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған өзінің дәстүрлі жолдауларында денсаулық сақтау жүйесін назардан тыс қалдырған емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жолы да саланы серпілтуге бағытталған қадау-қадау міндеттерге тоқталды. Оған негіз де жоқ емес. Өйткені әлем елдерін әбігерге салған пандемия жаңа шешімдер қабылдауды талап етуде.

Маңызды міндеттер жүктелді

Бұл тұрғыда Мемлекет бас­­шысы қазынадан қомақты қаржы қаралатынын атап көр­сетті. «Медицина саласына қо­мақты қаржы құю керек. Бұл қаражат инфрақұрылымға, маман даярлауға және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалуға тиіс. Фарма­цевтика өнеркәсібіне ерекше көңіл бөлу қажет. Вируспен күрес кезінде дәл осы сала елі­міздің бәсекеге қабілеті мен қауіп­сіздігі үшін маңызды екені­не көзіміз жетті. Сондықтан медицина өнімдерін Зертхана­лық және техникалық сынақ­тан өткізетін орталық құруы­мыз керек. Жаһандық фарма­цев­тикалық корпорациялар­мен ынтымақтастықты жандан­дырған жөн. Инвесторларды тартып, озық технологияны және осы саладағы жаңа зерт­теу жұмыстарын игеруді қол­ға алу керек. Отандық та­уар өн­­діру­шілермен жасалатын офф­­тейк келісім шарттарының көлемін арттырып, өнім түрін көбейту қажет.

Біздегі дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдық­тың 17 пайызы ғана – отандық өнім. 2025 жылы оны 50 па­йызға жеткізу қажет.

Денсаулық кепілі – дене шынық­тыру. Жұрттың және балалардың спортпен шұғыл­дануына жағдай жасалуы қажет екенін тағы да қайталап айтамын. Облыс әкімдері спорт инфрақұрылымын біртіндеп салуды қамтамасыз етуге тиіс», деді Президент.

Коронавирус инфекциясы­ның алдын алудың басты жолы екпе салдыру екенін Мем­ле­кет басшысы бұған дейін де айтқан болатын. Жылдың бас­­ты құжатында да осы мәсе­леге айрықша тоқталды. «Біз­де вакцина қоры жеткілікті, азаматтардың таңдау құқығы бар. Елімізде жаппай екпе егу науқаны жүріп жатқанымен, қоғамда вакцинаға қарсы азаматтар әлі де көп. Олар өздері бас тартып қана қоймай, өз­ге аза­маттарды адастырады. Жап­пай вакциналау қарқын­ды жүргенде ғана, біз қауіпті індетке тосқауыл қоя аламыз», деді Президент.

Президент сөзінің жаны бар. Өйткені әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат тарата­тын­дар аз емес. Олар өзін ғана емес, өзгені де адастыра­тын­дығы сөзсіз. Сонымен қатар отан­дық QazVac вакцинасының қауіпсіз екендігіне күмән болмауы тиіс. Тіпті, өзге мемлекет­тер тарапынан да сұраныс тү­сіп жатқанын қаперден шы­ғар­мауымыз керек. Осы орайда Қасым-Жомарт Кемел­ұлы: «Ко­ронавирус денсаулық сақ­тау саласы үшін үлкен сы­нақ бол­ды. Әлемді жайлаған індет­тің беті әлі қайтар емес. Күн са­йын мыңдаған азаматымыз дерт­ке шалдығып, талай адам өмір­ден өтуде. Біз уақытты ұт­тыр­май індетпен күресу іс-ша­ра­­ларын дереу қолға алдық. Қазақ­стан – коронавирусқа қар­сы вак­цина жасап шығарған әлем­дегі санаулы мемлекеттің бірі. Біздің вакцинамыздың тиім­­ді әрі қауіпсіз екендігіне еш кү­­мән жоқ. Қазір QazVac вак­­ци­­на­сына өзге мемлекеттер де сұр­ан­ыс білдіруде», деп атап өтті.

Жолдау жүктеген міндеттер жүйелі жүзеге асуы тиіс. Бұл бағытта денсаулық сақтау саласының қызметкерлері де аянып қалмайды.

 

Гулам УМАРОВ,

Жамбыл облыстық Қан орталығының директоры, облыстық мәслихаттың депутаты, облыстық Өзбек этномәдени бірлестігінің өкілі