Экономика • 07 Қыркүйек, 2021
Мораторий мерзімінен бұрын аяқтала ма?
Қазақстанда 2020 жылдан бастап шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруге үш жылдық мораторий жарияланғаны белгілі. Бұл бизнесті мемлекеттік органдардың олардың қызметіне араласуынан қорғайтын пәрменді шара болды. Алайда аталған мораторий мерзімінен бұрын аяқталуы да мүмкін.
Қоғам • 06 Қыркүйек, 2021
Жастар арасында интернетке тәуелділіктің алдын алу қажет
«Жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» жобасын іске асыру барысы туралы онлайн-баспасөз конференциясы өтті.
Спорт • 06 Қыркүйек, 2021
Қазақстанда киберспорт дамуы екі мыңыншы жылдарда басталды және аталған индустрия «андеграунд» саласында ғана, яғни ойыншылардың, ынтагер-инвесторлардың және шағын компьютерлік клубтардың қаражаты есебінен ғана әрекет етті. Қазақстандық киберспорттың негізін жергілікті кәсіпкер Мұрат «Arbalet» Жұмашұлы қалады.
Театр • 06 Қыркүйек, 2021
Адамдардың жалпы о баста өздерінен өзгешелеу жаратылған, дара ойлайтын жандарды бірден қабылдай қоюы қиын ғой. Оның айтқанын ақиқат деп мойындамақ тұрмақ, әлгіні қуғындап, реті кеп жатса талап жеп қоюлары да ғажап емес. Мұны қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ деуге де келмейді. Немесе тобырдың тірлігі деп те топшылау артық. Өзіңіз ойлаңызшы, жанарлары су қараңғы, көздеріне әлдеқашан көк ет өсіп, оның орны мәңгілік бітеліп қалған соқырлар елі сіздің көру жайлы, көркемдік жайлы, көкжиек туралы көпірме көп сөздеріңізді тыңдап тұруы мүмкін бе? Тіпті ғасырлар бойы ұрпақтары соқыр боп жалғасып келе жатқан шағын тайпаның сөздік қорында көз, жанар, қарашық, жарық, қараңғы деген сөздердің де болуы екіталай.
Өнер • 06 Қыркүйек, 2021
Ұлттық бейнелеу өнері дегенде алдымен, осы өрелі өнердің кәсіби негізін қалап, шырқау биікке көтерген Әбілхан Қастеев, Орал Таңсықбаев, Молдахмет Кенбаев, Әубәкір Ысмайылов секілді талантты тұлғалар ойымызға келеді. Осы алыптардың ізін баса келген, көрнекті кескіндемеші, Қазақстанның халық суретшісі Жаңатай Шәрденов те бейнелеу өнерінде өз өрнегі мен қолтаңбасын қалыптастырды. Әсіресе көзіқарақты қауым суретшінің табиғаттың таңғажайып құбылыстарын көркем бедерлеген туындыларын ерекше бағалайды.