Қоғам • 06 Желтоқсан, 2025
Игі істер адамдарға қуаныш сыйлайды
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елімізде қызмет етіп жатқан волонтерлерді Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында қалдырған жазбасында волонтерлік қозғалыс еліміздегі қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігіне айналғанын мәлімдеді.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2025
Ақпарат кеңістігінде ұлттық мүдде қорғалуға тиіс
Бүгінгі цифрлық дәуір адам санасына ақпаратты молынан сіңіріп, оның пайдасы мен зиянын қатар тигізетін әлемдік жүйенің бір бөлшегіне айналды. Смартфонымызға сәт сайын келіп түсіп жатқан небір хабарлама, видео, түрлі мәтіндер, әлеуметтік желідегі жазбалар ойымызды ұштап, дүниетанымымызды кеңейтіп, тіпті әрекетімізді қалыптастырып жатқаны белгілі. Дегенмен бұл үрдіс бізге жаңа мүмкіндік ашып қана қойған жоқ, сонымен қатар тегеурінді сын-қатерлер де алып келді.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2025
Қазақша контентке сұраныс артты
Кейінгі жылдары TikTok, Instagram, YouTube пен Threads платформасында қазақша контенттің көлемі артты. Сарапшылардың айтуынша, бұл – қоғамның ішкі сұранысынан туындаған тілдік-мәдени бетбұрыс. Әрі осы серпінге ерекше ықпал жасап отырған мемлекеттік тіл қолданысын талап ететін жас буын екенін атап өткен жөн.
Экономика • 06 Желтоқсан, 2025
Шағын және орта бизнес қолдаудан кенде емес
Елімізде шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдау экономикалық саясаттың негізгі бағытының бірі болып қалыптасты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев кеңінен баяндады. Оның айтуынша, кейінгі жылдары ШОБ-тың даму қарқыны оң динамика көрсетіп, ел экономикасының құрылымында маңызды орынға ие бола бастаған.
Мирас • 06 Желтоқсан, 2025
Асылтұқымды малдың пайдасы мол
Қазір ауыл шаруашылығын дамытуға, төрт түлікті асылдандыруға, санын көбейтуге үкіметтен қолдау бар. Осы мүмкіндікті еліміздің әр аймағындағы малсақ қауым тиімді пайдаланып, сүтті, етті малдың небір түрін өсіретін болған. Шетелден келетін тұқымдар көбейгенде елде бұрыннан бар малдың түрі азаятыны түсінікті. Осындай өзгерістерге қарамастан, малдың бабын білетіндер мүйізді ірі қараның ішінде қоңдысы саналатын қазақтың ақбас сиырын ерекше бағалайды.