Әдебиет • 28 Мамыр, 2020
Әр сөзі һәм әр ісі ар таразысымен өлшеніп, ар сотымен шешілетін әдебиетте творчество адамдарының сыңары болуға айналған мақтан деген бір мінез бар. Әрине, жақсы мінез емес: сүйкімсіз болса да мықты мінез. Мықтылығы сол, небір мүйізі қарағайдай классиктерді ығына алып жықты. Басына қандай күн туса да мақтанбайды дедік: мақтанды. (Мына біздер, классик жазушының жаман мінездерден ада болғанын қалаймыз һәм талап етеміз! Бұнымыздың дұрыс-бұрысын кім біліпті?..) Енді бір жағынан суық ақылмен ойлап қарасақ, өзі классик (және өзі қазақ) һәм жазғаны шедевр жазушы мақтанбаса, тағы ұят сияқты. Әйтпесе, мақтауды кім керек етпейді? Мақтанды кім іздемейді? Бұл, жарықтық, бәріне керек. Негізгі түйткіл мақтауды кім, кімге, қалай айтуында болып отыр.
Руханият • 24 Мамыр, 2020
Тарих • 22 Мамыр, 2020
Теңіздің тамшыдан құралатыны сияқты, кез-келген қауым да, халық та жеке тұлғалардың жиынтығынан тұрады. Тұлғалардың мінезі, қасиеті, ар-намысы мен ұяты – бәрі-бәрі жыйылып келіп ұлттың рухын құрайды. Сондықтан, ұлт ретінде ұйысқан, халық ретінде қалыптасқан елдердің көзге көрінбейтін өзіндік «рухы» болады. Рухы биік тұлғалар тұрғанда халықтың жасампаздығы да арта бермек.
Туризм • 21 Мамыр, 2020
Туристік инфрақұрылым объектілері табиғи ландшафтпен үйлесуі тиіс
Екі айға жуық карантин уақытында отандастарымыздың бүгінгі жағдайдың өзгеруін қалап, келешектегі жаңа саяхаттар туралы ойланғаны анық. Алайда, шалғайдағы мемлекеттер осы жазда қол жетімсіз болмақ, сондықтан да ішкі туризмге деген сұраныс күтілуде. Бұл салада орасан жұмыстар атқарылуы қажет екені белгілі, олар – сервисті жақсарту, инфрақұрылымды дамыту, жаңа табиғи аумақтарды игеру. Табиғатқа зиян келтірмеу үшін осы міндеттерді сауатты және жауапты іске асыру туралы біз ұзақ уақыт бойы әйгілі дат сәулетшісі Ян Гейл құрған Gehl Architects консалтингтік компаниясының жетекшісі қызметінде болған, сәулет және урбанистика жөніндегі итальяндық сарапшы Рикардо Маринимен әңгімелестік. Маман жайлы қала ортасын құру жөнінде Алматы қаласының басшылығына кеңес берумен айналысады. Сөзінше, қазіргі заманғы түсінікте жайлы орта қала шекарасында аяқталмауы керек, қала маңындағы және қоршаған табиғи аймақтарды да қамтуы тиіс.
Абай • 21 Мамыр, 2020
Ұлы Абайдың осы уақытқа дейін бізге жеткен «Май түні», «Майда қоңыр», «Торы жорға», «Абайдың желдірмесі» қатарлы төрт күйі бар. «Май түні», «Торы жорға» күйлерін жазушы, журналист Шығыс Қазақстандық Ғайса Сармурзиннің (1904-1987) орындауында, күйші-зерттеуші, ғалым Уәли Бекенов 1983 жылы жазып алып, нотаға түсірген (М. Әбуғазы Шығыстың шыңырау күйлері. – Өскемен: 2009. – 303 б.). Ал Абайдың «Майда қоңыр» күйі Шығыс Қазақстанның Шұбартау өңірінен шыққан атақты күйші Жүнісбай Стамбаевтың орындауында 1965 жылы жазылып алынып бізге жетті (Таласбек Әсемқұлов. Талтүс. СД күйлер жинағы. СД 3. 2015. Otuken.kz.). Біз де бала күнімізден ел арасындағы күйшілерден Абайдың атымен аталатын күйлерді естіп өстік.