Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2019
Өскеменде «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық конференция өтті. Осымен бесінші мәрте ұйымдастырылған мәдени шараға еліміздің археолог-тарихшыларынан бөлек Франция, Түркия, Әзербайжан, Жапония, Ресей мемлекеттерінің ғалымдары, бірнеше елшіліктің ресми өкілдері қатысты.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2019
Табиғаттың тылсым сырын ішіне бүккен қызғылт каньон жардан төмен құлаған күйі ағараңдап жатқан жалғыз аяқ жол арқылы өзіне жетелейді. Аңсарыңды аудара қызықтырған қызғылт каньонды географ мамандар кейде «Қамалдар аңғары» деп те жазады. Содан ба, біз өзіндік ерекшелігіне қарай Қызғылт қамалдар аңғары дегенге ықылас таныттық.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2019
Баянауылдың бір байлығы – орманы
Сібірдегі орман өрті ресейліктердің мазаларын кетіргенін теледидар арқылы көріп отырдық. Солтүстік өңірде де ыстық болғандықтан Павлодар өңіріндегі орманшылар, өрт сөндірушілер, төтенше жағдайлар басқармасы биыл күндіз-түні табиғат күзетінде болды.
Қазақстан • 11 Қыркүйек, 2019
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ән өнерінің ақтаңгері – Біржан салдың туғанына 185 жыл толуына орай таланттың туған топырағы Біржан сал ауданында ажарлы той өткізілді.
Қазақстан • 11 Қыркүйек, 2019
Биылғы жаз маусымында темір жол және әуе жолдары арқылы қатынаған қазақстандықтар билеттің қымбаттығына байланысты біраз қиындықтарға тап болғаны белгілі. Осыған орай Мемлекет басшысы пікір білдіріп, тиісті ведомстволарға мәселені тездетіп реттеуге тапсырма берген еді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арнайы брифинг өткізіп, жолаушылар тасымалы нарығындағы бүгінгі ахуалды түсіндірді.