Сұхбат • 05 Желтоқсан, 2025
Берік АСЫЛОВ, Бас прокурор: Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда
Қараша айында Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің ішкi саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді. Онда құқықтық мемлекеттің іргетасы және азаматтардың қоғамдық әрі жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етудің базалық шарты ретінде «Заң мен тәртіп» қағидаты айқындалған. Осы қағидатты прокуратура органдары қалай іске асырып жатқаны туралы Бас прокурор Берік Асыловпен сұхбаттастық.
Саясат • 05 Желтоқсан, 2025
Су тапшылығын азайту – басым бағыт
Вице-премьер Қанат Бозымбаев, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровпен бірге Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып, фермерлермен алдағы вегетациялық кезеңге дайындық, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарын әртараптандыру мен су үнемдеу технологияларын енгізу мәселесін талқылады.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2025
Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев баспасөз турын ұйымдастырып, журналистерді абаттандыру жұмыстарымен, жаңартылған жаяу жүргіншілер жолдары, автотұрақтар, балалар мен спорт алаңдары, аллеялар және саябақтармен таныстырды.
Саясат • 05 Желтоқсан, 2025
«Таза Қазақстан»: Мониторинг жүргізу орталығы құрылады
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Жиын қорытындысында бастаманың жүзеге асырылу барысына мониторинг жүргізу жөніндегі орталық құрылатыны айтылды.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025
Шырайы кірген Шыңғырлау ауруханасы
Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау аудандық ауруханасы күрделі жөндеуден өтіп, халық игілігіне қайта берілді. Осыдан жарты ғасыр бұрын салынған ғимарат жаңа кейіпке келіп, аудан халқын қуанышқа бөледі.