Экология • 20 Маусым, 2019
Еліміздегі ақбөкендер саны 350 мыңға жуықтады
2019 жылы аэрофототүсірілім нәтижелері бойынша Қазақстанда ақбөкендердің жалпы саны 334,4 мыңды құрайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің Facebook парақшасына жазды.
Спорт • 20 Маусым, 2019
«Қайрат» рейтингте көш бастады
Алматының «Қайрат» футзал клубы биылғы Еурокубок маусымынан кейін жаңартылған клубтар арасындағы рейтингте бірінші орынға көтерілді.
Спорт • 20 Маусым, 2019
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өтіп жатқан теннистен WTA турнирінің екінші кезеңіне жолдама алды. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 1 млн АҚШ доллары.
Спорт • 20 Маусым, 2019
Шілде айының 6-7 күндері Алматыда жеңіл атлетикадан XXIX Ғұсман Қосанов мемориалы өтеді. Халықаралық турнир Азия құрлығындағы үздік жарыстар тізімінде.
Футбол • 20 Маусым, 2019
Швейцарияның Ньон қаласында орналасқан УЕФА-ның штаб-пәтерінде осы аптада 2019-2020 жылғы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті. Биылғы Еуродода да елорданың «Астана» командасы Чемпиондар лигасында, ал Алматының «Қайрат», Шымкенттің «Ордабасы» және Қостанайдың «Тобыл» футбол клубы Еуропа лигасында бақ сынайды.