Руханият • 21 Маусым, 2019
Әке салған сара жолдан айнымай...
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылғы Жолдауында Қазақстан полициясының беделін арттыру мақсатында тың мәселелерді көтерген болатын. Стратегиялық құжатта алға қойған мақсаттар айқындалып, атқарылуы тиіс бірқатар міндет жүктелді. Басты мақсат – озық, дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Елбасымыз: «Біз әрдайым сыртқы сын-қатерлерге дер кезінде назар аударып, оларға дайын бола білдік», деп нықтап айтты.
Қоғам • 21 Маусым, 2019
Полиция: уақыт иіріміндегі өзгерістер
Еліміздің бүгінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы құқық қорғау органдарының алдына да жаңа талаптар қойып отыр. Терроризм және экстремизм қаупі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністері саланы реформалау мәселесін күн тәртібіне шығарды. Бұл мәселе ел Президентінің де басты назарында. Сол себептен де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ алқа отырысында ведомствоның жұмысын жаңа деңгейге көтеріп, полицияның ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін бірқатар міндетті атап көрсеткен еді. Мемлекет басшысы, соның ішінде мал ұрлығы, ұялы телефон және автобөлшектер ұрлығының жолын кесу, есірткі бизнесіне қарсы күрес, трассалардағы жол апатын азайтуға қатысты шараларды күшейтуді тапсырды. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы қабылданғаны белгілі. Бұл маңызды құжат 54 іс-шараны қамтитын тоғыз бағыттан тұрады. Оның 39-ын осы жылы іске асыру жоспарланып отыр. Осы жұмыстардың аясында полицияның қоғаммен өзара байланыс жасаудың жаңа форматы енгізіле бастады.
Президент • 21 Маусым, 2019
Президент • 21 Маусым, 2019
Кейбір оқиғалар баяу ағыспен басталып, бірте-бірте арынды өзенге айналып кете баратын бұлақтарға ұқсайды, олар уақыт өте келе тұтас мемлекеттер мен халықтар үшін аса маңызды мәнге ие болады.
Қоғам • 21 Маусым, 2019
Қоғам мен мемлекеттің мүддесіне қызмет етеді
Мемлекеттік қызметтің миссиясы – халыққа адал қызмет ету және еліміздің ұлттық мүддесін тиімді қорғай білу. Мемлекеттік қызметші атану – адамның кәсіби білімді, жауапкершілігі мол әрі білікті маман болуын талап етеді. Және ең бастысы өзгеге үлгі бола білуі қажет. Осындай айтулы мереке мемлекеттік қызметшінің беделін нығайтуға және патриоттық сезімін арттыруға ықпал етері сөзсіз.