Президент • 24 Маусым, 2019
Жаңадан сайланған Президент ел билігін енді ғана қолға алып, атқарар ісінің жоба-жоспарын жариялап жатқан тұста халықтың арасында «ертеңгі күніміз қалай болар екен?» деген сауалдың тууы заңды. Мұндайда билікті мақтайтындар да, оған көңілі толмайтындар да табылады ғой. Демократиялық құндылықтарды қадір тұтатын қоғамда «бәріңнің ойлағандарың неге бірдей емес?» деп кінә тағу да қисынсыз. Әрбір пікірге, таңдауға түсіністікпен, сыйластықпен қараған абзал. Біз де басқалардың ұстанымына құрметпен қарай отырып, өз байламымызды, өз тұжырымымызды ортаға салып отырған жайымыз бар. Басқалай айтқанда, Президентпен сырттай болса да сыр-сұхбат құрғанды жөн санадық.
Қоғам • 24 Маусым, 2019
2000 жылдан бергі халықтың көші-қоны туралы статистикалық деректерге көз жүгіртсеңіз, еріксіз күрсінуіңіз мүмкін. 2000-2017 жылдар аралығында елімізден бас-аяғы 950 846 адам шетелге кеткен. 1 миллионға жуық жан. Бір ғана 2017 жылы 155 749 адам шекара асыпты, оның 31 952-сі – 14 пен 28 жас аралығындағы азамат. Еңбекке қабілетті, бойында күш-қуаты тасыған, болашағын бағамдайтын буын, ертеңгі күніне мақсат қоятын кезеңде неге шетелге кетеді?
Руханият • 24 Маусым, 2019
Әлем • 24 Маусым, 2019
Адамзат тарихында мемлекеттер жаңа технологияға қол жеткізу үшін барын салған. Әсіресе қарулы қақтығыс уақытында. Мемлекеттер түрлі қарулардың, ұшақтардың, зымырандардың сызбалары үшін бәйге жариялап, барлаушыларды жіберіп отырған. Бірақ қазіргідей ашық арпалыс деңгейіне жетпеген шығар. Дональд Трамп Қытайдың Huawei компаниясына шектеу қою шараларын бастап кетті. Енді америкалық мемлекеттік органдарға бұл компанияның өнімін алуға тыйым салынады және ешбір АҚШ компаниясы Huawei-ге микрочип немесе басқа да бөлшек сата алмайды. Неге?
Президент • 24 Маусым, 2019
Ірілігіміз де, тірлігіміз де – бірлігімізде
«Біз – Қазақстанның біртұтас халқымыз» – Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы осылай басталды. Бұл сөздер Ата Заңымыздың «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы...» деп келетін бірінші сөйлемінің жарасымды реминисценциясы болуы әбден табиғи.