Қазақстан • 25 Маусым, 2019
Қаржы секторында жаңа агенттік құрылады
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қаралып, қабылданды.
Аймақтар • 25 Маусым, 2019
...«Апат айтып келмейді» деген рас екен. Арыста алапат жарылыс болды. Айдың-күннің аманында әскери қоймада жарылған оқ-дәрілердің дүлей дүмпуі бейқам отырған жұртты шошытты. «Оттың ісі – қуырмақ» деген осы. Жергілікті тұрғындарды жан-жаққа бездіріп жіберген жойқын жарылыс – шын мәнінде оттың үстінде отырғанымызды көрсетті. Енді ше, тат темірді кеміреді – кеңестік кезеңнен қалған, тат басқан арсеналдан әлдеқашан арылу керек еді. «Күл астында қоламта қалады» дегендей, осы күнге дейін сақталып қалған әлі қаншасы қауіп тудыратынын ойлаудың өзі қорқынышты...
Аймақтар • 24 Маусым, 2019
Қиындығынан қаймықпай қарекет еткен адамға ел ішінде жұмыс жетерлік. Қыр-сырын білмейтін тосын кәсіп те емес, атадан қалған ақ таяқ, кейінгіге мирас болған жұмыс. Тек жетпей тұрғаны тәуекел ғана.
Қазақстан • 24 Маусым, 2019
Таяуда Ұлттық экономика министрлігі есеп беру жиынын өткізді. Басқосуда министрлік басшысы Руслан Дәленов атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайын әңгімеледі.
Аймақтар • 24 Маусым, 2019
Керекудің көкөнісі – брендтің көкесі
Агроном ғалым Зейнолла Сәлменбаевтың айтуынша, суармалы жерде өскен көкөніс те, картоп та мол өнім береді. Өңірдегі картоп өсірушілер жылдан-жылға өнім көлемі мен сапасын арттырып, республикаға танылуда. Мәселен, Павлодардың картобы қазір нағыз брендке айналды. Бұл ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін қолданудың нәтижесі.