Қазақстан • 24 Маусым, 2019
Бедерлі белес биігі: кемеңгерліктің 30 жылы
Жан-жақты жаңғырулар көшін түзеген тәуелсіз еліміздегі іргелі өзгерістерді бүгінде әлем жұртшылығы мойындап үлгерген. Тарих толқынында талай қилы кезеңдерді басынан өткерсе де, кемел келешекке керуен тартқан жас мемлекеттің жарқын жетістіктерінің бастауында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі бар. Азаттықтың алтын бесігіне баланған Алматыда мемлекет дамуын биік межеге жеткізген қайраткер тұлғаның саяси көшбасшылық құбылысын зерттеуге арналған «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен алқалы басқосуға әлем елдерінен келген сарабдал сарапшылар мен егемендіктің елең-алаңында Елбасымен қоян-қолтық жұмыс істеген зиялы қауым өкілдері жиналды.
Аймақтар • 21 Маусым, 2019
Мүмкіндігі шектеулі жандар колледж бітірді
Алматы облысы, Іле ауданының орталығы Өтеген батыр ауылында «Прогресс» политехникалық колледжінің түлектеріне сертификат пен диплом табыстау рәсімі өтті.
Саясат • 21 Маусым, 2019
Н.Нығматулин Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды
Н.Нығматулин ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 21 Маусым, 2019
Алматы облысының Жамбыл ауданында үшем дүниеге келді
Жетісу тұрғындарының саны бірден үш сәбиге толықты. Бүгін Алматыдағы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханасында дүние есігін ашқан үшем үйіне шықты.
Президент • 21 Маусым, 2019
Халықаралық сарапшылар Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегіне жоғары баға берді
Алматыда шымылдығын түрген «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты конференцияда халықаралық сарапшылар Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ширек ғасырға жуық ел басқарған жылдарындағы елеулі еңбегіне жоғары баға берді.