Президент • 21 Маусым, 2019

Халықаралық сарапшылар Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегіне жоғары баға берді

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда шымылдығын түрген «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты конференцияда халықаралық сарапшылар Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ширек ғасырға жуық ел басқарған жылдарындағы елеулі еңбегіне жоғары баға берді.

Халықаралық сарапшылар Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегіне жоғары баға берді

Олардың сапында Ресей ғылым академиясының Жалпы тарих институтының директоры Михаил Липкин, Шанхай қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей және Орталық Азияны зерттеу орталығының директоры Давэй Пан, Өзбекстан Президенті жанындағы Стратегиялық және аймақаралық зерттеулер институтының директоры Элдор Арипов, Қырғыз Республикасының бұрынғы мемлекеттік хатшысы Осмонакун Ибраимов, Американдық саясаткер әрі журналист Коэн Ариэль, Әзірбайжан Республикасы  Милли Мәжілісінің депутаты, Әзірбайжан Мемлекеттік басқару академиясының Саяси зерттеулер институтының директоры Эльман Насиров секілді танымал сарапшылар бар.

Шетелдік қонақтар Нұрсұлтан Назарбаевтың посткеңестік кеңістікте және әлемдік саяси аренада тәжірибесі зор, стратегиялық көзқарасы мен түйсігі терең нағыз қайраткер екендігін, шығармашылық ойлау дарыны кемел, озық идеялы нағыз лидер екенін алға тартып, әлемдік экономикадағы дағдарыстарға қарамастан, еліміздің жан-жақты өрлеуі әрі қарай өрістей беруін тіледі.

Еске салсақ, аталған конференцияда қоғамның тұрақты дамуындағы, еліміздің экономикалық және әлеуметтік-саяси жаңғыруындағы Елбасының қызметі мен бастамаларының және оның барша әлемде жаһандық қауіпсіздік пен сенім ахуалын жасақтаудағы рөлі сараланған болатын.


АЛМАТЫ