Қазақстан • 25 Маусым, 2019
Туризм саласындағы түйткілдер қыруар табыстан құр қалдырып отыр
Таяуда Дүниежүзілік сауда ұйымы сайтында Қазақстанның жылына 40 млн турист қабылдауға мүмкіндігі жететіні туралы мәлімет жарияланды. Біз елімізге жыл сайын 5-6 млн адам келсе, бөркімізді аспанға атып қуанып жүргеніміз белгілі. Бұл мүмкіндігіміздің 90 пайызын да қолдана алмай отырмыз деген сөз.
Аймақтар • 25 Маусым, 2019
Иә, 14-16 маусым күндері Тарбағатай ауданында «Тұғыры биік Тарбағатай» атты халықаралық спорт және өнер фестивалі өтті дүркіреп.
Қоғам • 25 Маусым, 2019
Орган алмасқаннан өмір тоқтамайды
Донорлық орган арқасында мына жалғаннан үміті үзілердей болған қанша жан отбасына оралып, қуаныш құшағына бөленді десеңізші?! Дәрігер мен донор сыйлаған өмір оларды қатарға қосып қана қоймай, спортпен шұғылдануына да жол ашады. Керемет емес пе! Нұр-Сұлтан қаласында диализдегі емделушілер және ішкі органдарына трансплантация жасалған адамдар арасындағы Ұлттық спорттық ойындардың ашылу салтанаты өтті.
Әлем • 25 Маусым, 2019
БҰҰ Сауд ханзадасына ресми айып тақты
БҰҰ былтыр аса жауыздықпен өлтірілген саудиялық журналист Жамал Хашогги (немесе Хашкуджи) өліміне қатысты арнайы зерттеу жүргізіп, есеп дайындады. Оның алғашқы нәтижесін бұл іске жауапты болған Агнес Каламар жариялады. Ол журналист өліміне Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салман және осы елдің басқа да азаматтары жауапты деген қорытындыға келді. Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі бұл баяндаманы мойындаудан үзілді-кесілді бас тартты, тіпті, құжатта өзара үйлеспейтін материалдар бар деп мәлімдеді.