Пікір • 18 Қараша, 2025
Ғылым-білім саласындағы әріптестік
Қазақстан мен Өзбекстан елдері білім мен ғылым саласындағы бірлескен жұмыс келешегін, жастар арасында қарым-қатынас орнату мәселелерін назардан тыс қалдырған емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысында бұл бағыттағы айтарлықтай ілгерілеудің жарқын үлгісі ретінде былтыр екі елдің жоғары оқу орындарының филиалдары ашылғанын атап өтті.
Пікір • 18 Қараша, 2025
Сауданы дамытуға оң серпін береді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапары кезінде қазақ пен өзбек бауырлас халықтар, ежелден еншісі бір тату көршілер екенін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы қазақ-өзбек шекарасында ашылатын Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығы өзара сауданы дамытуға соны серпін беретініне тоқталды.
Саясат • 18 Қараша, 2025
Ауқымды трансформация кезеңіндегі Орталық Азия
Бүгінде әлемдік саясатта Қазақстанның орны күшейіп келеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кейінгі айларда АҚШ, Қытай, Ресей сияқты ірі державаларға барып, олардың басшыларымен маңызды келісімдерге қол жеткізді. Сонымен қатар «С5+1» форматы да – бүкіл әлем назарында. Сарапшылар қазір бірде-бір мемлекет ірі державалармен жеке-дара бәсекелесе алмайтындықтан, Орталық Азия елдерінің бірлесуі, ортақ мәселелерді бір платформада шешуі өте маңызды екенін айтады.
Саясат • 18 Қараша, 2025
Қазақстан – Өзбекстан: Өркендеу жолындағы стратегиялық серіктес, сенімді одақтас
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапарының екінші күні Ташкенттегі «Көксарай» резиденциясында екі ел Президенттерінің келіссөзінен басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке Ташкентке мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және дәстүрлі қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдірді.
Саясат • 18 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Эстония Президенті Алар Каристі салтанатты рәсіммен қарсы алды. Тараптар алдымен бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, бұдан кейін екі елдің әнұраны шырқалды.