Саясат • 18 Қараша, 2025
Медицина мекемелерінің мүмкіндігімен танысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық ғылыми онкология орталығы (ҰҒОО) мен Nazarbayev University Биомедициналық зерттеу орталығын аралап, Президент тапсырмаларының жүзеге асу деңгейін тексерді. Сапар барысында озық жабдықтармен жарақтандыру, жаңа терапия түрлерін енгізу, ғылыми зерттеулерді күшейту мен ядролық медицинаны дамыту мәселелері талқыланды.
Үкімет • 18 Қараша, 2025
Тәртіпті күшейту – басты назарда
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру мен жекеменшік мектептерді қаржыландыру тетіктерін қайта қарау мәселелері талқыланды. Жиын Мемлекет басшысының бюджет қаражатын цифрландыру арқылы тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмаларын орындау барысына арналды.
Саясат • 18 Қараша, 2025
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Эстон кітабының 500 жылдығына арналған көрменің және Эстон әдебиеті бұрышының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Эстония президенті Алар Карис мырза қатысып, жүрекжарды лебізін білдірді.
Сұхбат • 18 Қараша, 2025
Дастан Рыспеков: Ұлытаудың ұпайы түгенделіп келеді
Ұлытау облысы – тарихи мұраға да, табиғи байлыққа да кенде емес. Облыс ретінде құрылғанына үш жылға жуық уақыт өткен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақты арнаға бағыттап, әлеуетін арттыру жолында бірқатар жүйелі жұмыс қолға алынды. Биылғы негізгі көрсеткіштер мен жүзеге асқан жобалар – соның дәлелі. Осы және өзге де маңызды мәселелер жөнінде Ұлытау облысының әкімі Дастан РЫСПЕКОВПЕН әңгімелескен едік.
Қоғам • 18 Қараша, 2025
Жұмысынан айырылғандарға демеу
Биыл 1 қарашаға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жұмысынан айырылған 308,4 мың адамға әлеуметтік төлем аударды. Олардың арасында 268,6 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 106,8 млрд теңге.