Аймақтар • 19 Қараша, 2025
Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам мерт болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиғаға байланысты марқұмдардың жақындарына көңіл айтты. Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, аталған жағдайды жан-жақты тексеруді тапсырды.
Жәдігер • 19 Қараша, 2025
Орал қаласында Кеңес Одағының батыры, қазақ халқының қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың мемориалдық музейі 1982 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Музей тарихи ғимаратта, 1932–1934 жылдары Мәметовтер отбасы тұрған үйде орналасқан. Міне, осы жерде дәрігер Ахмет Мәметовтің жеке мөрі сақталған.
Мәдениет • 19 Қараша, 2025
Қостанайда Корея – «Таңғы шық» елінің мәдениет фестивалі өтті. Король Седжон атындағы институт ұйымдастырған мереке аясында қала тұрғындары кәріс халқының дәстүрлі тағамдарынан дәм татып көріп, ұлттық ойын түрлерімен танысты.
Тұлға • 19 Қараша, 2025
Алаш арыстары тәуелсіздік көгіндегі самсаған жұлдыздар іспетті. Олар жақындаған сайын алыс, алыстаған сайын рухымызға жақындай берері даусыз.
Үкімет • 19 Қараша, 2025
Түркістан облысындағы өрттің себебі анықталып жатыр
Вице-премьер Қанат Бозымбаев Түркістан облысының Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жеке үйде болған өрттің себептерін тергеп-тексеру бойынша құрылған Үкіметтік комиссия мүшелеріне бірқатар тапсырма берді.