Алматы • 14 Қараша, 2025
Алматыны «ақылды» технология басқарады
«Таза Қазақстан» акциясы еліміздегі көптеген игілікті істің бастауына айналды. Жақында Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп «Алматы 2035: таза ауа және тұрақты инфрақұрылым» форсайт-сессиясын өткізді. Бұған дейін ҰҒА еліміздің аумақтарында бірқатар форсайт-сессия өткізіп, оның барысында зерттеу нысанына ілікпеген, дамуға мұқтаж салаларды зерттеді. Бұл жолғы форсайт-сессия қала экологиясындағы түйткілді жағдайды нысанаға алып, экожүйе, қауіпсіз орта міндеттерін талқылады.
Қоғам • 14 Қараша, 2025
Азаматтық авиация академиясының докторанты Нұрсұлтан Томпиевтің жобасы авиация саласындағы әлемдік үздік үш бастаманың қатарынан көрінді. Оның жұмысы «Sheikh Mohammed Bin Rashid Al Maktoum Global Aviation Award» беделді халықаралық сыйлығына лайық деп танылды. Марапат Монреаль қаласында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) 42-ассамблеясында табысталды.
Қоғам • 14 Қараша, 2025
«Америкалық арман» қазақты жарылқай ма?
Америка Құрама Штаттарындағы қазақ диаспорасының пайда болу тарихын бірнеше кезеңге бөлуге болады. Оның түрлі себебі де бар. Алғаш көшіп келген аға буынның сол жақта тұрып жатқанына ширек ғасырдан асқан. Олардың тұрмыс-тіршілігі, тағдыры әрқилы. Айтайын дегеніміз, Америкадағы қазақтар туралы әңгімелей отырып, жастарға ой салсақ деген ниет еді.
Ғылым • 14 Қараша, 2025
Жаңалығын қарт құрлық бағалаған ғалымдар
Тәуелсіз елдің талантты ұл-қыздары бүгінде әлемнің әр қиырында білім алып, біліктілігін арттырып, қоғамға өз үлестерін қосудан жалыққан жоқ. Жақында Лондонда тұратын Сапар Жеңісұлымен жақын танысудың орайы келді. Әр сөзін салмақпен айтатын Сапар мырзаның сол кездесудегі айтқаны осы мақалаға жүк болды.
Экономика • 14 Қараша, 2025
Табыс теңсіздігі тереңдеп бара ма?
Елімізде табыс деңгейіне байланысты әлеуметтік жіктелу үдерісі тереңдей түскені байқалады. Жоғары табыс табатындар мен күнкөріске қажетті ең төменгі кіріспен өмір сүріп жүрген азаматтардың арасындағы айырмашылық жылдан-жылға алшақтап барады. Бұл үрдіс халықтың әлеуметтік құрылымына, әсіресе орта таптың әлсіреуіне айтарлықтай әсер етіп отырса керек.