Кино • 14 Қараша, 2025
Атажұртқа оралу: парыз бен қарыз жолы
Жуырда белгілі блогер Ернар Алмабектің «YouTube» арнасынан «Сабыр. Атажұртқа оралу» атты видеоны көзіміз шалып қалды. Бір деммен қарап шықтық. Қысқаша желісіне тоқталсақ, Ауғанстанда туып-өскен Әбдісабыр (Сабыр) есімді қазақ жігітінің атамекенге оралу тарихы бастан-аяқ көрініс тапқан. Блогердің өзі қасында жүріп қолғабыс етіп, екеуі бірге құжаттарын реттеп, соңында елге ат басын тірейді.
Футбол • 14 Қараша, 2025
Футбол клубтарын жекешелендіру – уақыт талабы
Биыл елдегі бірнеше футбол клубы жекешеленіп, коммерциялық бағытқа көшті. Футбол – ұқсата білгенге пайданың көзі. Әлемде ең көп таралған әрі жанкүйері қара орман спорттан көл-көсір табыс тауып отырған елдердің осы саладағы тиянақты тыныс-тіршілігі баршаға үлгі болуға тиіс. Жүйелі істің жүлгесін тауып, тиегін ағыта білген мемлекеттердің ырысын футбол еселеп тұр. Ал бізде қалай?
Экономика • 14 Қараша, 2025
«Ақтау теңіз солтүстік терминалы» – «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан жүктерді тасымалдау, астықты ауыстырып тиеу, теңіз кемелерін қабылдау мен жөнелту, сондай-ақ кешенді логистикалық қызмет көрсетумен айналысатын нысан. Аталған терминал еліміз Каспий, Қара және Жерорта теңіздерімен, Балтық, Парсы шығанағы елдерімен тікелей байланыс орнататын халықаралық Трасека, «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәліздерінің маңызды бөлігі саналатындықтан геосаяси тұрғыда айрықша мәнге ие.
Аймақтар • 14 Қараша, 2025
Астықты өңірдің әлеуетін арттыратын жобалар
Ақмола облысы – әлімсақтан астықты аймақ ретінде ел экономикасында маңызды орын алатын өңір. Өлкенің еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі үлесі қомақты. Биыл егістік алқаптарының көлемі 300 мың гектарға ұлғайып, жалпы 5,5 млн гектарға жетті. Диқандардың маңдай терінің нәтижесінде дәнді дақылдан мол өнім алынды. Орташа түсім гектарынан 16,3 центнерді құрап, жалпы жиын 7,6 млн тоннаға жетті.
Саясат • 14 Қараша, 2025
ЭЫДҰ алаңында реформалар нәтижелері таныстырылды
Францияның Париж қаласында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы жұмысын бастады. Екі күндік іс-шараға Қазақстан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай қатысты.