Аймақтар • 13 Қараша, 2025
Төрт түлік аман болсын десек...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында «Ветеринария мен фитопатологияның кенжелеп қалуы агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілетін айтарлықтай шектеп отыр. Осы мәселеге айрықша назар аударған жөн» деп атап көрсетілді.
Сұхбат • 13 Қараша, 2025
«Америкалық оқушылар қазақ тіліне қызығады»
Бүгінде қазақ жастары әлемнің әр қиырына сапар шегіп, өз білімдері арқылы зор мүмкіндікке қол жеткізіп жатқаны көңілге қуаныш сыйлайды. Солардың бірі – Америкада мұғалім болып жұмыс істейтін Салтанат Сырлыбаева. Біз бүгін оқырманға талапты жас педагогтен алған шағын сұхбатымызды ұсынып отырмыз.
Аймақтар • 13 Қараша, 2025
Елімізде ет қымбаттағалы сырттан келетін кейбір ет өнімдерінің бағасы жергілікті өніммен деңгейлес болып қалған. Павлодарлық ет өңдеушілер қазір импорт тауармен жергілікті нарықта өте қатты бәсеке жүріп жатқанын айтады.
Білім • 13 Қараша, 2025
Орта білім сапасын қалай көтереміз?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы Түркістан қаласында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында: «Қазақстан, оқушылардың білім деңгейін халықаралық бағалауда, дамыған елдерден айтарлықтай артта қалды. Оның басты себебі – осы аса маңызды салада жүйелі және ойластырылған реформалардың жоқтығы», деп айтқан еді. Содан бері 5 жыл уақыт өтсе де білім сапасын көтеруге қатысты жүйелі шешім қабылданған жоқ.
Шаруашылық • 13 Қараша, 2025
Биыл еліміздің қамбасына 27 млн тонна астық құйылды. Бұл пұттық өлшеммен алғанда 1 млрд 687 млн пұт астық деген сөз. Бұрын 1 млрд пұтқа төбеміз көкке жетіп мәз болсақ, енді 2 млрд пұтқа жуық астық жинауға қол жеткізіппіз. Қазақстанның 1 млрд пұт астық жинаған жылдары да бұрын сирек болатын, ал қазір, бұл табысқа жыл сайын жетіп келеміз.