Алматы • 13 Қараша, 2025
Алматы шаһарының шынары іспетті, теңіз деңгейінен 3 200 метр биіктіктегі Шымбұлақ шыңында БҰҰ-ның 80 жылдық құрметіне салынған үлкен мұрал пайда болды.
Архив • 13 Қараша, 2025
Биыл облыстық тарихи-өлкетану музей қоры Қызылорданың астана мәртебесін иеленгеніне 100 жыл толуына байланысты құнды құжаттармен толыға түсті. Музей мен Алматыдағы Президент архиві басшыларының келісіміне сәйкес архив қорындағы 140-тан астам электронды құжат Қызылордаға жетті.
Үкімет • 13 Қараша, 2025
Бүлдіргіні тыятын заң мақұлданды
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар бірнеше жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдап, екі кодекске бірқатар түзету енгізді. Бұған қоса Мәжіліс балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғауға қатысты жаңа нормаларды мақұлдады. Яғни енді елімізде педофилия мен ЛГБТ-ны насихаттауға заңмен тыйым салынбақ. Сондай-ақ төменгі палата Сенат енгізген түзетулермен келісіп, фонограмманы пайдалануды шектеу туралы заңды мақұлдады.
Үкімет • 13 Қараша, 2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен елдегі қазіргі өзара іс-қимыл мен іскерлік ахуалды одан әрі жақсарту мәселелері жөніндегі «Қазақстан-Еуроодақ» диалогтік платформасының 18-отырысы өтті. Жиынға ЕО елдері бизнес-қоғамдастығының өкілдері, дипломатиялық миссиялар мен сауда-өнеркәсіп палаталарының басшылары қатысты.