Саясат • 13 Қараша, 2025
Қазақстан – Ресей: тамыры терең байыпты ынтымақтастық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапарының екінші күні Александр бағындағы «Белгісіз жауынгер бейіті» мемориалына гүл шоғын қою рәсімінен басталды. Бір минут үнсіздіктен кейін оркестр Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындады. Содан соң Құрмет қарауылы еліміздің ресми делегациясының алдынан салтанатпен сап түзеп өтті.
Қоғам • 13 Қараша, 2025
Боччадан ел кубогі сарапқа салынады
Астанада жылдың басты спорттық сайыстарының бірі паралимпиадалық боччадан Қазақстан кубогі үшін жарыс өтіп жатыр. Осыған орай елордадағы «Аспан» спорт кешенінде 8 корт жасақталып, алғаш рет алаң саны бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелді. Еліміздің 15 өңірінен келген параспортшыларға Сенат төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев қолдау білдірді.
Әдебиет • 12 Қараша, 2025
Шығармашылық зертхана: Әзілхан әлемі
Шығармашылық әлем – күрделі де қызық құбылыс. Әр қаламгердің шығармасы қандай ерекше болса, оны жазу үдерісі де сондай ерекше. Айталық, Бальзак пен Достаевский түнде жазса, Толстой таңғы уақытты құп көрген. Хемингуэй шығармашылық жұмыспен тізе бүкпей, түрегеп тұрып айналысса, біздің ақын Ғалым Жайлыбай өлеңдерін етпетінен жатып жазғанды ұнатады. Мұндай ерекшелік жазушы Әзілхан Нұршайықовта жетерлік. Үшбу мақаламызда қаламгердің хаттары мен естеліктеріне сүйеніп, оның көркемдік кеңістігіне ұмтылдық. «Оның қаламгер болуына не әсер етті?», «кейіпкерлердің образын қайдан алды?», «оларды қандай жағдайда қағазға түсірді?» деген сауалдарға жауап іздеп көрдік.
Қоғам • 12 Қараша, 2025
Мұнайлы өңірде мүмкіндігі шектеулі 27 308 адам тіркелген. Оның ішінде бірінші топтағы мүгедек – 2 880 адам. 9 954 адамға екінші, 9 612 азаматқа үшінші топ санаты берілген. Кәмелетке толмаған мүгедектігі бар бала саны – 4 862.
Аймақтар • 12 Қараша, 2025
Жаңа облыста жағымды жаңалық көп
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Абай облысының құрылғанына үш жылдан асты. Осы аралықта өңірдің әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігіне дем беретін жобалар мақұлданды, оның басым көбі уақтылы іске асты. Экономиканы әртараптандыруға басымдық берілді. Осындай бастамалардың барысы туралы Абай облысының әкімі Берік Уәли Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында баяндады.