Үкімет • 12 Қараша, 2025
Геологиялық саланы дамыту – өнеркәсіптік өрлеудің негізі
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында геология мен жер қойнауын пайдалану саласын дамыту, цифрландыру шаралары талқыланды. Күн тәртібінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мен теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселесі де қарастырылды.
Форум • 12 Қараша, 2025
Орал қаласында Қазақстан мен Ресей мемлекеттері арасындағы XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр. Форум жұмысы екі күнге созылып, бүгін аяқталады. Оның жұмысына екі ел президенттері онлайн қатысады деп күтіліп отыр.
Таным • 12 Қараша, 2025
Есет Көтібарұлы – Батыс зерттеуінде
Орталық Азияны зерттеуші ғалым, британ қаламгері Деметриус Чарльз Де Кавана Боулгердің (1853–1928) «Орталық Азия портреттері» атты 1880 жылы Лондонда жарық көрген зерттеу кітабында Досмұқамед ханнан Якоб ханға дейінгі аралықтағы Орталық Азия тұлғаларының өмірі мен деректері, олардың ұлт азаттық күресі жолындағы еңбектері нақты дәлелдермен жазылғанын аңдадық. Осы еңбекте автор қазақ батыры Есет Көтібарұлына бір тарау арнайды.
Таным • 12 Қараша, 2025
Абай Құнанбайұлының алғашқы жыр жинағы 1909 жылы Петербор қаласындағы І.Бораганскийдің баспасынан жарық көргені туралы көпшілік хабардар. Хакім мұрасына өмірін сарп еткен ғалым Қайым Мұхамедханов «Абайдың асыл әдеби мұрасын ең алғаш кітап етіп баспадан шығарған – Ілияс Бораганскийдің есімі мен еңбегін қазақ халқы ұмытпайды», депті.
Үкімет • 12 Қараша, 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Жиында Мемлекет басшысының ел экономикасына инвестиция тарту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.