Қоғам • 12 Қараша, 2025
Өмірді сақтандыру: қамданған қапы қалмайды
«Сақтықта қорлық жоқ». Бұл тәмсіл тұрмыстық қауіпсіздікке ғана емес, қаржылық тұрақтылыққа да тікелей қатысты. Соның ішінде өмірді сақтандыру мәселесі – бүгінде жиі көтеріліп жүрген, алайда әлі де көпшілікке түсініксіздеу тақырыптардың бірі. Өмірді сақтандыру кімге қажет? Оның пайдасы қандай? Қаржылық қауіпсіздік пен жеке қорғаныс тұрғысынан бұл қызметтің маңызы неде?
Мирас • 12 Қараша, 2025
Өзбекстан Республикасының Самарқан қаласында өткен ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-сессиясы аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры ұйымдастырған іс-шарада алғаш рет түркі өркениетінің тереңдігі мен ұлылығын бейнелейтін бірегей жобалардың тұсаукесері өтті.
Тұлға • 12 Қараша, 2025
Әсілі, алып империялар қанмен қоректенеді. Халықтардың қанымен және дәрмені жетпей дәргейіне көнген сол ұлттарды сақтап тұрған рухани ұстындары – арын, жанын, иманын таптап жаныштаумен өз тұғырын нығайтып, ғұмырын ұзартады. Өйткені зорлықпен құрылған, іргетасы қанмен иленген империяда әлгі айтылған үш ұстын болмайды.
Заң мен Тәртіп • 12 Қараша, 2025
Әлеуметтік желілер ақпарат тарата бастағалы оның дұрыс-бұрысын ажырату қиынға түсті. Оның үстіне жалған ақпаратқа сендіру мақсатында фактілер қасақана бұрмаланып келтіріледі. Соның салдарынан қоғамның фейк жетегінде кетіп, дүрлігуі жиілеп кетті. Өйткені цифрлық жүйелер көбіне жағымсыз жаңалыққа басымдық береді. Біз қалай «ақпараттық иірімге» түсіп қаламыз? Осы орайда Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жүргізген деректер негізінде жалған ақпараттардың қалай таралатынын сараптап көрдік.
Заң мен Тәртіп • 12 Қараша, 2025
Құқықтық сауат – қылмысқа тосқауыл
Халықтың құқықтық санасы жетілген сайын қоғамдағы заңға қайшы әрекеттердің аясы тарыла беретіні – ақиқат. Тәуелсіздік алған жылдардан бері ел ішінде түрлі заңсыздыққа жол берілді. Бірақ соның бәріне тұсау салатын кез келді. Өйткені бүгінгі қоғам – заң мен тәртіпке бас иген, құқықтық сауаттылыққа мүдделі.