Еңбек • 12 Қараша, 2025
Жыл басынан қазан айына дейін «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы 21,5 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Жыл соңына дейін осы бағдарлама аясында барлығы 33 мың отандасымызды жұмыспен қамту жоспарда бар.
Қоғам • 12 Қараша, 2025
Көші-қон тұжырымдамасы мәселенің түйінін тарқата алады
Ішкі-сыртқы көші-қон саясатын оралымды жүргізу, күрмеулі мәселесін оңтайлы шешудің стратегиялық маңызы зор. Атажұртына керуенін бұрған ағайынға жан-жақты қамқорлық таныту – елдіктің белгісі. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Үкіметке ел ішінде ғана емес, шетелдегі көші-қонды реттеп, есебін жүйелейтін бірыңғай цифрлық платформа енгізуді тапсырды. «Еңбек нарығын, әсіресе көші-қон мәселесін реттеу саласында есепке алудың орталықтандырылған жүйесі жоқ. Бұл жағдай осы саладағы болжау жұмысының сапасына, шешімдердің тиімділігіне кесірін тигізеді. Үкімет ел ішіндегі және шетелдегі көші-қон ағымының есебін жүргізетін бірыңғай цифрлық жүйе енгізуге тиіс. Ішкі және сыртқы көші-қон үдерісінің бақылаусыз қалуы жұрттың бәрі тұрғысы келетін ірі қалаларымыздың инфрақұрылымына орасан салмақ түсіріп отыр», деді Президент.
Ұстаз • 12 Қараша, 2025
Мәшекең мұрасын қадірлеген мұғалім
Мектепте ер мұғалімнің аздығы ұрпақ тәрбиесіне өз әсерін тигізіп отыр. Ақиқатында бір мезгіл ер мұғалімнің қатқыл қабағын, жуан дауысын естіген оқушының ерік-жігері ширақ болады. Өкінішке қарай, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынүлының ізінен еріп, ұлы мұратын жалғайтын ер мұғалім аз. Сол аздың ішінде жас ұстаз, жалынды педагог Жанкелді Кенжебайдың есімі елге етене танылып қалды. Еңбекқорлығымен, педагогтік білімімен, ұлтты сүйгіштігімен елдің аузында жүр.
Білім • 12 Қараша, 2025
Астаналық Бағым Сұлтанқызының 6 жасқа жаңа толған тұңғышы жақында балабақшамен қоштасты. Өйткені оның баласы мектепке дейінгі ұйымға баратын жастан асып кетті. Ал өткен қыркүйекте 1-сыныпқа беруге ата-анасы ерте санаған. Бірінші баласы болғандықтан, 6 жасқа тола сала орынды босататынын білмеген кейіпкеріміз енді не істерін білмей абдырап қалған жайы бар. Себебі күйеуі екеуі – жұмыста. Әзірге ауылдан әжесін алдырыпты, бірақ дамуы, мектепке дайындық басты мәселеге айналды.
Байқау • 12 Қараша, 2025
Панама-Ситиде өткен «FIRST Global Challenge» бүкіләлемдік Олимпиадасында озат оқушыларымыз биыл қатарынан төртінші рет жеңіске жетті. Жаһандану дәуірінің жаңа жауынгерлерін даярлайтын роботтехника сайысына әлемнің 190 елінен бірнеше команда қатысқан. Солардың арасынан біздің оқушылар бірінші орынды иеленіп қана қоймай, бірден екі жоғары марапатты жеңіп алды.