Таным • 12 Қараша, 2025
Абай Құнанбайұлының алғашқы жыр жинағы 1909 жылы Петербор қаласындағы І.Бораганскийдің баспасынан жарық көргені туралы көпшілік хабардар. Хакім мұрасына өмірін сарп еткен ғалым Қайым Мұхамедханов «Абайдың асыл әдеби мұрасын ең алғаш кітап етіп баспадан шығарған – Ілияс Бораганскийдің есімі мен еңбегін қазақ халқы ұмытпайды», депті.
Үкімет • 12 Қараша, 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Жиында Мемлекет басшысының ел экономикасына инвестиция тарту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.
Өнер • 12 Қараша, 2025
Форум жұмысына орай қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Онда он саусағынан өнер тамған шеберлердің ұлттық киімдері мен әшекей бұйымдары, табиғи сүт өнімдері көпшілік назарына ұсынылды. Өңірдің әр ауданынан келген ісмер жандар қолөнермен айналысу шеберліктерін шыңдаумен қатар, нәпақа табуға да септігін тигізіп отырғанын алға тартты.
Саясат • 12 Қараша, 2025
Мәскеу сапары: Достық пен өзара сенімге негізделген диалог
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды. Внуково-2 әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Мәскеу гарнизонының құрмет қарауылы мен әскери үрмелі оркестрі сап түзеді. Президентті Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуров пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Форум • 12 Қараша, 2025
Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы аудандық Мәдениет үйінде «Ауыл әйелі: Бірлік. Даму. Болашақ» атты аймақтық форум өтті. Іс-шараға әр өңірден кәсібін кеңейтіп, табыстың кілтін тапқан іскер әйелдер қатысты. Форумды ұйымдастыруға Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, облыс, аудан әкімдігі және «Ауыл» партиясы ұйытқы болды.