Ауыл • 14 Қараша, 2025
Ауыл балаларын қуанышқа бөледі
Бір кезде дүрілдетіп айтылып, кеңінен насихатталатын «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» деген ұранның аясында атқарылатын шаруаның бәсеңсіп қалғаны белгілі. Туған ауылдарына мектеп, балабақша, демалыс орындарын, спорт алаңдарын, мәдениет үйін орнатқандар қатары азайып барады. Осындай олқылықты жуырда Есіл ауданының кәсіпкері Қайырбек Қожасов толтырып, туған ауылы «Бай Еңбекке» жаңа мектеп тұрғызып берді. Құны 350 млн теңге болатын бұл құрылыс бір кезде атағы аспандаған, кейінгі жылдары жүдеңкіреп кеткен «Бай Еңбек» ауылының ажарын ашып, халқын серпілтіп тастады.
Қоғам • 14 Қараша, 2025
Тұлғалар тойы – ЮНЕСКО төрінде
ЮНЕСКО-ның Самарқанда өткен 43-ші Бас конференциясына Қазақстан делегациясы да қатысқаны мәлім. 180-ге жуық мүше мемлекеттен 4 500-ден аса өкіл жинаған ауқымды іс-шара ұйымның білім, ғылым, мәдениет, ақпарат және коммуникация салаларындағы халықаралық ынтымақтастығының стратегиялық басымдықтарын айқындаған ірі оқиға іспеттес болды.
Аймақтар • 14 Қараша, 2025
Жетісудың Сарқан ауданында ұлттық тағамдарды қайта жаңғыртып, жаңа өнімдерге бейімдеп жүрген кәсіпкер Райгүл Закария саумалдан балмұздақ өндірді. Ұлттық дәстүр мен заманауи тәсілдің үйлесімін тапқан маманның өніміне сұраныс артып келеді. Ауыл әйелдерінің іскерлігінің жарқын үлгісін көрсеткен кәсіп иесі осылайша жаңа нарыққа жол ашты.
Саясат • 14 Қараша, 2025
Астана мен Бішкек арасындағы стратегиялық серіктестік
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Астанаға жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев Қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің 13-отырысы шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады.
Еңбек • 14 Қараша, 2025
«Қараөзек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Нартай Ысқақов елдік бастама көтеріп отыр. Күзгі жиын-терім аяқталған соң, еселі еңбек еткен жұмысшыларына республикалық «Egemen Qazaqstan» газетін жаздырып бермек.