Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025
Түкпірдегі түбекте садақ тартқан
Өскеменнің іргесіндегі Глубокое кентінде тұратын Төлеухан әулеті шетінен мерген. Сонау Кореяда өткен дәстүрлі садақ атудан Әлем кубогінде Қазақстан намысын қорғаған Аяш Қабдоллаева жамбы атудан бірінші орынды иеленсе, оның келіні пұт нысанасы бойынша Ажар Төлеуханова үшінші орын тұғырынан көрінді.
Жұмыс • 08 Қараша, 2025
21,5 мың жас жұмысқа орналасты
Бүгінде елдегі жастар саясатының басым бағыты – 35-ке дейінгі азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі. Соған сәйкес мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар тұрақты жүзеге асырылып, бос орындар жәрмеңкесі жиі ұйымдастырылады. Мәселен, жыл басынан бері Жастар практикасы көмегімен 21 мыңнан аса отандасымыз еңбекке араласты.
Архив • 08 Қараша, 2025
Астанадағы Ұлттық архивте Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Архив-2025: архивтегі аманат» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның құттықтау хатын оқып, іс-шара шымылдығын ашты.
Өнер • 08 Қараша, 2025
Асығың алшысынан түссін, Аяжан!
Үнемі тың идеяға жақын жүретін Аяжан Қуатбекқызы балабақша балдырғандарына түрлі ойыншық жасауды қолға алған. Балаларға ғана емес, шағын цехтан күнделікті тұрмысқа қажет былғары бұйымдар да шығарып жатыр. Айта кетерлігі, әр жасаған дүниесінен қазақы иіс аңқып тұрады.
Өнер • 08 Қараша, 2025
Италияның Лигурия жағалауының ең романтикалық аймақтарының бірі – көрікті Камольи қаласында көрермендер «Астана Опера» оркестрінің бірінші скрипкашысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілхановқа тік тұрып қошемет көрсетті. Танымал скрипкашының гастрольдік өнер көрсетуі 6 қарашада Камольидің Қоғамдық театры сахнасында жетістікпен өтті.