Шымкент • 07 Қараша, 2025
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында «Кәсіпкер әйел: алғашқы қадамдар» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Жиынға палата директоры Сабира Адамбекова, «Amanat» партиясының қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының төрағасы Наргиза Керімбаева, «Halyk Bank» АҚ қалалық филиалы директорының орынбасары Асылбек Келдібаев, Еңбек мобильділігі орталығы кәсіпкерлік бастамаларды оқыту және қолдау бөлімінің басшысы Гүлвира Даужанова, сондай-ақ бір топ кәсіпкерлер қатысты.
Тұлға • 07 Қараша, 2025
«Жүрек – жан айнасы. Бірде күйіп, бірде жанған жүректе тағдыр ізі сайрап жатыр» деп жазыппыз. Көңілге түйген ойларды тізбектеген көк дәптерге. Бұл жолдар Түркістан мен Шымкент өңіріндегі журналист қауымның төбе биі атанған, Қазақстанның құрметті журналисі Байдулла Қонысбекпен әңгімеден кейін жазылған еді.
Спорт • 07 Қараша, 2025
Бүгін Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Ислам ынтымақтастығы ойындарының алауы тұтанады. Үш аптаға созылатын бәсекелер барысында 57 мемлекеттен келген 3 мыңнан аса спортшы өнер көрсетеді. Олар спорттың 19 түрінен сайысқа түседі.
Басылым • 07 Қараша, 2025
«Egemen Qazaqstan» газетінің биылғы 23 мамыр күнгі №95 (31075) санында «Орасан ойдың Олжасы немесе бір дана кітап туралы» атты мақала жарық көрген еді. Аталған жарияланымда Олжас Сүлейменов туралы танымдық кітаптың бар болғаны бір данамен жарық көргені жазылған болатын.
Спорт • 07 Қараша, 2025
Марафонның тарихына үңілсеңіз сонау көне гректер заманынан тамыр тартады. Есте жоқ ескі заманда жеңістің хабаршысы болған осы дәстүр бүгінде жаңа өмір салтын қалыптастырудың үздік үлгісіне айналған. Өзіңді өзің шыңдау арқылы жетістікке жететіндердің қатарында жастар да, жасы ұлғайған спортшылар да бар. Соның бірі – қазалылық марафоншы Мырзалы Меңдібаев.