Тәрбие • 07 Қараша, 2025
Тәрбиенің әлеуеті – ұлттық мінезде
Тәрбие саласындағы жағымсыз ахуалдың туындауының негізгі себептері тереңде жатыр. Жаһандану заманында қазақ қоғамына Батыстан ентелеп кіре бастаған либералдық негіздегі әртүрлі қитұрқы «концепциялар» мен жұртты ішінен ірітіп-шірітуге бағытталған саяси технологиялар ұлттың табиғатын теріс бағытта өзгертуде «әжептәуір нәтижеге» қол жеткізіп үлгерді.
Digital • 07 Қараша, 2025
Аурудың алдын алатын наноұлтарақ
Назарбаев университетінің профессоры Гүлнұр Қалимолдина зертханадағы ғылыми идеяны технологиялық бизнеске айналдыра білген еліміздегі санаулы ғалымның бірі. Оның «Mirai Tech» стартабы спортшылардың қимыл-қозғалысын талдап, жарақаттың алдын алуға арналған «ақылды» наноұлтарақ әзірлейді. Иә, нарықта мұндай жобалар бар. Алайда «Mirai Tech» құрылғысының артықшылығы – адам көзі байқамайтын ең ұсақ өзгерістердің өзін тіркей алады. Сол себепті «Digital Business» пен «Astana Hub» бірлескен «Орталық Азияның 100 стартап тарихы» жобасы бұл технологияға арнайы тоқталған еді.
Әлем • 07 Қараша, 2025
Дүниежүзі Түркі тілдері күні белгіленді
15 желтоқсан «Дүниежүзі Түркі тілдері күні» (World Turkic Language Family Day) деп жарияланды. Мұндай шешім Өзбекстанда өткен Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының (ЮНЕСКО) ХХХХІІІ Бас конференциясында қабылданды.
Аймақтар • 07 Қараша, 2025
Бүгінгі дәуірдің талабы – қолжетімді интернет желісін пайдалану. Атырау облысында осыған дейін «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 143 ауыл өркениетті байланысқа қосылған.
Спорт • 07 Қараша, 2025
«Тең мүмкіндіктер» фестивалі – қайырымдылық пен бауырмалдық алаңы
Астанада «Тең мүмкіндіктер» республикалық инклюзивті спорт фестивалі өтті. Іс-шараға еліміздің әр өңірінен келген 500-ге жуық бала қатысты. Олар бочча, жеңіл атлетика, эстафета бойынша екі күн бойы сайысқа түсті.