Әдебиет • 07 Қараша, 2025
Кеңес қоғамы жан-жағы жабық, құрсаулы жүйе еді ғой. Бәрі де бір қалыптан шыққандай болатын. Адамдарды сызғышпен сызып қойғандай түзу жолмен жүргізіп, аяғын қия бастырған жоқ. Соған үйретті. Халықты жалған идеологиямен тұмшалады. Ал қалыпқа симай, шеңберді бұзғандар түрмеге қамалды. Қуғындалды.
Қоғам • 07 Қараша, 2025
Қазақтың демографиялық өсімі «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» деген ұғым-түсінігіне тәуелді секілді көрінеді. Ұлтымыз ұлы ұстаным, ұран етіп, жалауындай биікке көтеріп келе жатқан осы мәтелдің ішкі иірімі мен табиғатынан халқымыздың Тәңірге деген берік сенімін көре аламыз.
Архив • 07 Қараша, 2025
Сәбит Мұқанов қаламынан туған еңбектер ұлтымыздың рухани байлығы екені сөзсіз. Туындылары әлемнің 46 тіліне аударылған жазушының қызметтік жолы, өмірінің соңғы сегіз жылын өткерген пәтері Алматы шаһарындағы Мұқан Төлебаев көшесінде орналасқан. Пәтер 1978 жылдан бері музей-үйі ретінде ел мәдениетіне үлес қосып, халыққа қызмет көрсетіп келеді.
Пікір • 07 Қараша, 2025
Отарланса да тілін ұмытпаған ұлт
Оңтүстік Кореяға жол түсіп, бірнеше қаласын, өңірін араладық. Сеулдің қақ ортасында жүрсеңіз де, шалғай ауылға барсаңыз да алдымен көзге түсетіні – кәріс тіліндегі жазулар. Мейрамхана мәзірі, қонақүйдегі қызмет парағы, тіпті метро стансасының хабарламасы, бәрі – өз тілінде. Туристерге ағылшынша аудармасы табылады, бірақ ешқашан басты орынға шықпайды.
Инфографика • 07 Қараша, 2025
Жоғары оқу орны ЖИ енгізуге дайын ба?
Ақпараттық заманда білім тез ескіреді. Өйткені ғылымда күн сайын жаңалық ашылып жатыр. Ал жасанды интеллект қарқынды дамығаннан кейін бұл сала тіпті күрделене түсті. Дер кезінде қамданбаса, қатарға ілесу қиындай бермек. Қоғамның алға жылжуының бірден-бір негізі білім, ғылым салалары болғандықтан, Мемлекет басшысы аталған бағыттарға жасанды интеллект жүйесін енгізуге аса мән беріп отыр. Ал Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл міндетті қалай атқарып жатыр, қандай жетістіктері бар? Соны сараптап көрелік.