Университет • 07 Қараша, 2025
Инновация саласындағы көшбасшы университет
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті CAREC институтының халықаралық гранттық байқауының жеңімпазы атанды. Бұл жеңіс отандық университеттің ғылыми әлеуетін айқындап қана қоймай, халықаралық серіктестіктің жаңа кезеңіне жол ашып, инклюзивті және цифрлық білім беруді дамытуға бағытталған маңызды қадам. Осыған орай, университетте Орталық Азия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастық (ОАӨЭЫ, CAREC) институтымен бірлескен «Инклюзивті білім беру үшін жасанды интеллекті пайдалану: ОАӨЭЫ өңірі үшін масштабталатын модель» атты халықаралық конференция өтті.
Ғалам ғажаптары • 07 Қараша, 2025
1911 жылдың 21 тамызында Париждің ең басты мәдени қазынасы – Леонардо да Винчидің әйгілі «Мона Лиза» картинасы Лувр музейінен қолды болады. Қызығы, бұл істегі басты күдікті – Пабло Пикассо.
Спорт • 07 Қараша, 2025
Нұржан Қатаев: Ғылым спортты жетістікке жетелейді
Белгілі балуан Нұржан Қатаев есімі көпшілік жанкүйерге кеңінен танымал. Ол әуелі еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпазы атанып, жастардың құрлықтық додасында қарсылас шақ келтірмеді. Шеберлігі шыңдала келе, ересектер дуына қосылған соң, Азия чемпионы, сол жарыстың екі дүркін күміс, екі дүркін қола жүлдегері атанды. Дегенмен оған бар спортшының арманы – Олимпия ойындарында бақ сынау бақыты бұйырмады. Орайы келген әңгіме барысында оның жауабын кейіпкеріміздің өзінен сұрап білген едік.
Аймақтар • 07 Қараша, 2025
Жетісу спортшыларының жетістігі
Жетісу облысында халықтың денсаулығын нығайту мен бұқаралық спортты дамыту бағытында жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Кейінгі үш жылда 32 жаңа спорт нысаны бой көтеріп, 3 орталыққа күрделі жөндеу жүргізілді. Биыл 1 мың адамға шаққанда спорт инфрақұрылымымен қамтылу деңгейін 66,8%-ға дейін жеткізу көзделіп отыр.
Өшпес даңқ • 07 Қараша, 2025
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Атырау мұнай өңдеу зауытының құрылысы басталған. Жаңа өндіріс орны 1945 жылдың 8 қыркүйегінде алғашқы жанармайын шығарған. Бұл – еліміздегі ең алғашқы мұнай өңдейтін кәсіпорын.