Саясат • 04 Қараша, 2025
Әскери ынтымақтастық жөніндегі жиын
Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлері кеңесінің 85-отырысы өтті.
ЖОЛДАУ • 04 Қараша, 2025
Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын инновациялық жолдау деп айтуға болады. Себебі барлық саладағы жасанды интеллект жіпке тізгендей қамтылған. Бұл алда ЖИ арқасында революциялық жаңалықтар болады дегенді аңғартады. Ол үшін Қазақстан халқы жасанды интеллект ұғымын, оның сан-салалы сырларын, жақсы жағы мен қиындығын біліп алуы керек. 90-жылдары халық нарық экономикасын жете білмей, жайдақ атқа мінгендей күйде болды.
Саясат • 04 Қараша, 2025
Президенттік жастар кадрлық резервіне 50 азамат қабылданды
Президенттік жастар кадрлық резервіне қызығушылық артып келеді. Биыл маусым айында басталған іріктеуге 31 мыңнан аса азамат өтінім білдірген. Оның 7 436-сы ғана үміткер қатысушы тізіміне іліккен. Демек, бір орынға шамамен 148 жас бақ сынаған. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 16%-ға көп.
Үкімет • 04 Қараша, 2025
Алматы әуежайын жаңғырту жайы қаралды
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының халықаралық авиациялық хаб құру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде Алматы қаласының әуежайын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді.
Өндіріс • 04 Қараша, 2025
Арқаның агробренді: «Нәтиже» мен «Саумал» отандық сүт өнімдері нарығына қалай әсер етті?
Президенттің халыққа Жолдауында ауыл шаруашылығы ел дамуының қозғаушы күші ретінде айқындалып, аталған салаға тұрақты көңіл бөлініп келеді. Жүйелі қолдаудың нәтижесінде агросалада серпіліс бар. Соның бір айғағы – ауыл өнімінің сауда нарығына шығуы. Онымен қоса құнары мол картоп пен арқа даласының ет өнімі сырт елге экспортталып жатыр. Қарағанды өңірінде ауыл шаруашылығы өнімін шығарудан бастап, оны терең өңдеуге дейінгі тұтас өндірісті толығымен жолға қойған кәсіпорындар жетіп артылады.