Туризм • 04 Қараша, 2025
«Бурабай» ұлттық паркінде туристердің жаяу жүруіне арналған «Бөлектау» экологиялық жолы жаңартылды. Тау жотасына, табиғатты тамашалау алаңына бастап баратын бағытта цифрлық шешімдердің қолданылуы оның өзіндік ерекшелігіне айналып отыр. Меймандар жолды QR-кодтарды, аудиогидті, Telegram-ботты қолданып, квест форматында өте алады.
Руханият • 04 Қараша, 2025
Қостанайда «Міржақып өмірі мен өнегелі мұрасы» атты республикалық ғылыми конференция өтті. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының облыстағы өкілдігі ұйымдастырған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, алаштанушы, академик, «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, өңір зиялылары, дін қайраткерлері облыстық дін істері басқармасының өкілдері қатысты.
Мәселе • 04 Қараша, 2025
Жол сапасы – туризмді дамыту тетігі
Аспантау аясының көркем табиғатын тамашалауға жыл сайын мыңдаған турист жолға шығады. Даңқы әлемге жайылған көрікті Көлсай, Қайыңды көлдері, шұғылалы Шарын шатқалдарына жыл он екі ай келушілер толастамайды.
Қоғам • 04 Қараша, 2025
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Ертіс-Баян өңірінің Алаш ардақтыларына арналған «Ұлтын сүйген ұлылар» атты көрмесінің, сондай-ақ «Сәдуақас Шорманов» және Иса Байзақов туралы «Дауылпаз» атты кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті.
Зерде • 04 Қараша, 2025
Тау мен таста көкжалдай жортып жүретін Балтабай батырдың бергі беттегі ерліктерін бала күннен естіп өстік. Солақай саясатқа қарсы шыққан Балтабай Әлханұлының батырлығы Шығыс жұртына белгілі болғанымен, әмбеге беймәлім. Қуғынға ұшырап, Қытай асып кеткен батыр бабамыздың арғы беттегі өмірінен де осы уақытқа дейін хабарсыз едік. Алдыңғы жылы батырдың көзін көрген келінімен аз-маз сұхбаттасып, бұрын-соңды айтылмаған аңызға бергісіз әңгімелерін түртіп алған едік.