Аймақтар • 04 Қараша, 2025
Ертіс бойындағы тағылымды кездесу
Павлодарда Халық қаһармандары мен Қазақстанның Еңбек Ерлерінің республикалық IV конференциясы өтті. Іс-шарада ұлттық құндылықтар дәріптеліп, жастардың патриоттық рухын нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру бағытында тағылымды әңгімелер айтылды.
Білім • 04 Қараша, 2025
Жыл сайын оқулық сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралар қолға алынып келеді. Дегенмен мектеп оқулығының сапасына қатысты айтылып жүрген сын көп. Оның бірқатар себебін сарапшы, шебер педагог Мейрамгүл Нүсіпбек өз тәжірибесі негізінде тарқатып айтып берді. Айтуынша, оқулық жасаудың негізгі қиындығы бірнеше қырынан қарастырып атап өтуді қажет етеді.
Келешек мектептері • 04 Қараша, 2025
Мамандарға ерекше мән беріледі
«Келешек мектептері» – оқушыға қолжетімді сапалы білім беруді көздейтін білім ордалары. Мұндағы өзіндік оқу-тәрбие үдерісі бар баланың жан-жақты дамуына жағдай жасаған. Ұлттық жоба аясында 460 мың орынға шақталған 217 мектеп ашылады деп жоспарланған. Қазір жоспардың 69 пайызы орындалды. Бұл дегеніміз – 151 білім мекемесі.
Тұлға • 04 Қараша, 2025
Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толғаны Қызылжардағы С.Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапхана мен «Абылай ханның резиденциясы» музей-кешенінде аталып өтті.
Руханият • 04 Қараша, 2025
Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен Жазушылар одағы Астана филиалы «Қаламгер ұстаханасы» жобасын бастағанын елордалық әдеби-рухани орта жақсы біледі. Осы уақытқа дейін де бірнеше автордың дәрісін тыңдадық. Аталған жобаның кезекті отырысы белгілі әдебиеттанушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сауытбек Абдрахмановтың «Әбіш әлемі» атты дәрісіне арналды. Бір қызығы, енді мұндай елордалық дәрістер қаламгерлер жақын тұратын кітапханаларда өткізіледі. Бұл бас қаланың бар аумағы дәріске қатыса алады дегенді аңғартады. Қаламгер мен кейіпкер арасындағы шығармашылық һәм өмірлік байланыс қалай өріліп, көркемдік сипатқа ұласқанына құрылған сырлы сұхбаттан біз де құр қалмадық.