Өндіріс • 28 Наурыз, 2026
Қостанайда жасалған қуатты комбайн
Былтыр Қостанайдағы «АгромашХолдинг KZ» зауыты мен «John Deere» компаниясы құны 2,5 млрд долларға бағаланған стратегиялық серіктестік туралы келісімге келген. Шарт бойынша Қостанайда 5 жыл ішінде кем дегенде 3 мың «John Deere» құрастырылып, ел көлемінде 3 сервис орталығы ашылады. Сондай-ақ мамандарды оқыту жүйесі қолға алынады.
Құқық • 28 Наурыз, 2026
Мүлікті қорғаудың тиімді тетігі
Елімізде тұрғын үй қауіпсіздігін жаңа деңгейге көтеру көзделіп отыр. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНДРА) табиғи апаттардан міндетті сақтандыру туралы заң жобасының жаңартылған нұсқасын жариялады. Құжат азаматтардың мүліктік тәуекелдерін азайтып, төтенше жағдайлар кезінде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуді мақсат етеді. Сондай-ақ жаңа бастама сақтандыру жүйесін жетілдіріп, нарықтағы жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
Руханият • 28 Наурыз, 2026
Солтүстік Қазақстан облыстық газеті 1920 жылы ашылған. Алдымен «Кедей сөзі», одан «Бостандық туы», кейін «Ленин туы» аталып, тәуелсіздік жылдарынан бері «Солтүстік Қазақстан» газеті аталған басылымның тарихы өте бай. Кезінде қазіргі Қарағанды, Ақмола, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан облыстарына таралған газет. Осы облыстар «Қарағанды облысы» аталып, орталығы Қызылжар қаласы болғанда газет жарты Қазақстанға жайылған. Мұнда Алаш арыстары қызмет істеген. Соның ішінде алғашқы редакторларының бірі – Мағжан Жұмабаев.
Экономика • 28 Наурыз, 2026
Екібастұз ел энергетикасының жүрегі ғана емес, бүгінде отын кешені мен металлургия саласында маңызды индустриялық өңірге айналып келеді. Кейінгі жылдары алып өндірістер тұрғызылуы нәтижесінде экономикасы ілгерілеп, қазынаға тиесілі қаражат та еселене түскен.
Руханият • 28 Наурыз, 2026
Біздің кейіпкеріміз – Камал Әлпейісова. Жан-жақты талант иесі. Ілеспе аудармашы, жазушы, публицист, ғалым. Камал апайдың жүзі сондай жылы. Мейірімі төгіліп тұрады. Ол кісімен кездескенде бір жақыныңды көргендей боласың. Көңілі таза, жаны ізгі адам. Қаламгердің осы қасиетін оны танитындар айрықша бағалайды.