Саясат • 28 Наурыз, 2026
Алатаудың айрықша мәртебесі қандай болмақ?
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың қатысуымен өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Конституциялық заңының жобасы екінші оқылымда қаралды.
Театр • 27 Наурыз, 2026
Театр – адамзат өркениетінің ең терең тамырынан нәр алған, уақытпен бірге жасайтын өнер. Ол – қоғамның айнасы ғана емес, оның жан дүниесін тербейтін, рухын жаңғыртатын қасиетті кеңістік. 27 наурыз – Халықаралық театр күні – осы киелі өнерге бас иіп, сахнаға ғұмырын арнаған жандардың еңбегін ұлықтайтын айрықша сәт.
Саясат • 27 Наурыз, 2026
Өңірде энергия тапшылығы болмайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға сапары барысында өткен облыс жұртшылығымен кездесуде 70 жылдан бері жөндеу жүргізілмеген Кентау жылу энергия орталығын жаңғыртуға қомақты қаржы бөлінгенін атап өтті. «Сондай-ақ тағы бір маңызды мәселе – облыста салынып жатқан бу-газ қондырғысының құрылысын тездету керек. Жұмыс созылып кетті. Үкіметке және «Самұрық-Қазынаға» осы мәселені қатаң бақылауға алуды тапсырамын», деді Президент. Осы орайда Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді.
Саясат • 27 Наурыз, 2026
Құқықтық мемлекеттің берік іргетасы
Дүйім халықтың дауысымен қабылданған Ата заңымыз жаңа тарихи кезеңнің есігін айқара ашты. Бұл – саяси, құқықтық әрі әлеуметтік жаңғыру мен өркендеудің игі бастауы. Сарапшылар жаңартылған Негізгі құжат әсіресе құқықтық мемлекеттің берік негізін қалайтынын айтады.
Экономика • 27 Наурыз, 2026
Цифрлық кеден: Мүмкіндік пе, кедергі ме?
Елімізде кеден жүйесі мен интернет-сауда саласында ірі өзгерістер жүріп жатыр. Соның бірі – үдерістерді толық цифрландыруға арналған KEDEN атты жаңа ақпараттық жүйе. Ол қазіргі қолданылып жүрген «Астана – 1» платформасының орнын басуға тиіс. Екінші, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) электрондық сауда ережелерін өзгертті. Осының бәрі сыртқы сауданы жеңілдетуді мақсат етеді. Бірақ кәсіпкерлер жаңа жүйелер дайындықсыз іске қосылса, жүк рәсімдеуде кідірістер туындап, бизнеске қосымша шығын әкелуі мүмкін деп алаңдап отыр.