Таным • 28 Наурыз, 2026
Ауылда әкем құралпы Тұрсын деген кісі болды. Қуақы, үлкенмен де, кішімен де қажасып жүретін қалжыңбас, аздап суырып салып бәдік өлең шығаратыны бар адам еді.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2026
Қайырымдылық – баршаны біріктіретін құндылық
Рамазан айында ізгі амал жасау түркістандық жастар арасында дәстүрге айналған. Жылдағы үрдіспен Түркістан қаласындағы «Бекзат» шағын ауданының 1995 жылы туған ер-азаматтары көпбалалы отбасына баспана кілтін табыстады.
Қоғам • 28 Наурыз, 2026
Зейнеткерлердің де мүмкіндігі мол
Қарағанды облысында еңбекке қабілетті аға буынды қолдау жүйелі сипат алып келеді. «Күміс жас» пен «Алтын жас» жобалары зейнет жасындағы азаматтар-дың өмірлік тәжірибесін тиімді пайдаланып, оларды еңбек нарығынан шеттетпеуге бағытталған. Бұл бастама өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты нығайтып, ұрпақтар сабақтастығын күшейтуге ықпал етіп отыр.
Еңбек • 28 Наурыз, 2026
Гүл өсіріп табысын еселеген студент
Тараздық студент кәмелет жасына жеткенде миллионер атанып үлгерді. 18 жастағы Қайырбек Байғабыл біршама уақыт бұрын гүл өсіріп, табыс табуға тәуекел еткен. Саннан бұрын сапаға ден қойған өрімдей жас әуелі Нидерланд пен Қытай еліндегі нарықты зерделеп, аталған мемлекеттерден гүл көшеттеріне тапсырыс берген. Дербес азамат ретінде кәсіп бастауға бел буған студенттің ісі бірден алға басқан. Өйткені оның отбасына бұл шаруа таңсық емес.
Қоғам • 28 Наурыз, 2026
Елордалық оқушы Батырхан Мұхтархан экономика және қаржы бойынша республикалық олимпиадада абсолютті жеңімпаз атанды. Астана халықаралық қаржы орталығында өткен білім додасының финалдық кезеңіне еліміздің барлық өңірінен іріктелген 115 оқушы қатысып, 50 жүлде сарапқа салынған еді. Сол үздіктердің қатарынан суырылып шыққан Батырхан бұл жолы да өзінің алғырлығын тағы бір мәрте дәлелдеді.