Экономика • 01 Қараша, 2025
Экономикалық өсім қарқыны сараланды
Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс саласының динамикасы жан-жақты қаралды. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша бұл бағытта өсім қарқыны жоспардан төмен болғаны айтылды.
Үкімет • 01 Қараша, 2025
Ұзақмерзімді инвестиция тарту басымдығы
Премьер-министр Олжас Бектенов жаһандық инвестициялар жөніндегі VIII қазақстандық дөңгелек үстелге (KGIR-2025) қатысты. Форумға 50-ден астам елден 1 мыңнан астам қатысушы, соның ішінде өнеркәсіп, энергетика, АӨК, қаржы, фармацевтика, консалтинг, басқа да салалардағы компаниялардың басшылығы жиналды.
Саясат • 01 Қараша, 2025
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі – Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Ерлан Қарин Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында өтіп жатқан ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-сессиясы аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізді.
Саясат • 01 Қараша, 2025
Кешенді реформалардың дәйектілігі зерделенді
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыда қаланың сарапшылар қауымдастығының және ғылыми зерттеу институттарының өкілдерімен кездесті. Онда Мемлекет басшысының елді жаңғыртуға арналған күн тәртібі мен экономикалық, саяси және әлеуметтік саладағы бірлескен жобаларды іске асыру барысы талқыланды. Сондай-ақ сенаторлар Абай ұлттық мектебінің құрылысымен және жабдықтау жұмыстарымен танысты. Сапар аясында өткен кездесулерде елімізде бочча параспортын дамыту келешегіне баса мән берілді.
Форум • 01 Қараша, 2025
Білім мен ғылым – әлемді өзгерте алатын ең басты күш
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – академиялық білім аймағы» стратегиялық серіктестер форумына қатысты. Президент сөзінің басында білім және ғылымды ешқандай шекара талғамайтын, барлық елге ортақ стратегиялық маңызы айрықша сала ретінде атап, бүгінгі форум соның айқын дәлелі екеніне назар аударды.